Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Ғабиден Мұстафин. ...Деген екен№25...

02.10.2015 4827

Ғабиден Мұстафин. ...Деген екен№25

Ғабиден Мұстафин. ...Деген екен№25 - adebiportal.kz



116447.jpg***

 

Ғабит Мүсіреповтың екінші үйленген жас әйелі қыз тауып, шілдеханасына Ғабиден келеді.

Отырыста Ғабит:

– Әй, Ғабиден, мен әлі жас иіс сүйіп отырмын, сен болсаң таяққа сүйеніп қалыпсың ғой! – деп әзілдейді. Сонда Ғабиден:

– Әй, Ғабит сенің мына жас әйеліңнің етегін жел үрлесе екі қабат болайын деп тұрған жоқ па. Несіне мақтанасың, шынымен мақтанғың келсе менің мына бәйбішемді екіқабат етіп берші! – деп жетпіске келіп қалған кемпірін көрсетіпті.

 

 

***

 

Бір жиында Ғабит Мүсірепов Ғабиден Мұстафинге сөз береді:

– Бар білімі үш кластық, қазақ совет жазушысы Ғабиден Мұстафинге сөз беріледі! – депті.

Сонда Ғабиден мінбеге шығып:

– Әй, Ғабит-ай, сен мені мақтап, көпшік қоя сөйлеуді қоймай қойдың - ау! Менің бітіргенім екі-ақ класс қой, үш класс бітіргенде сенің сорыңды қайнататын едім ғой! – деген екен.


 

***

 

Бір жиында Ғабит Мүсірепов: «Бір жерге телефон шалушы едім» – деп шығып бара жатады. Сонда Ғабиден отырып:

– Қатты-ақ телефон шаларсың, онанда қуығымның майы қашып, мынау ұзақ жиынға шыдай алмай барамын десеңші, – деген екен.

Ғабең мырс етіп күліп, шыға беріпті.

 

***

 

Ғабит Мүсірепов пен Ғабиден Мұстафин әзілдері жараса ойнап өткен адамдар. Бірде Ғабит өзінің Ғабиден бастаған достарын қонаққа шақырады.

     Ғабиден әдеттегідей құрдасына ілік артпақшы болып, қайысып тұрған дастарханнан жоқ тамақты іздейді ғой. Ол кез Ғабиттің Раямен отасқан шағы болса керек. Рая ойында ештеңе жоқ:

– Аға не іздедіңіз? – дейді.

– Лимонад.

– Лимонад ойда болмап еді! – деп, Рая сасып қалады.

Сонда Ғабиден:

– Бұл иттің үйінде лимонад та болмайды! – деген екен.

 

***

 

 «Қазақ әдебиеті» әзіл анкета таратып, онда «Құмар машығыңыз қандай» деген сұрақ жазылса керек.

Бұл сұраққа Ғабиден Мұстафин: «Тек жақсыны көру. Бірер жаман машығым да бар, оны айтуға ұяламын» деп жауап берген екен. 





Ел аузынан жинаған: Ақселеу Сейдімбек








Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар