Басты бет
/
Әдеби үдеріс
/
УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК
/
Ғалым: «Оспан батырды «Соңғы көш» романынан оқып б...

Ғалым: «Оспан батырды «Соңғы көш» романынан оқып білдік»

05.12.2025

3477

Ғалым: «Оспан батырды «Соңғы көш» романынан оқып білдік» - adebiportal.kz

Оспан батырды біз Қабдеш Жұмаділовтің «Соңғы көш» романынан оқып білдік. «Соңғы көш» романында батырдың тұлғасы, оның ерлік жолы, қайсарлығы және халықтық қозғалыстағы рөлі шынайы суреттелген. Белгілі әдебиеттанушы ғалым Руда Зайкенова «Ұлт оқитын 100 кітап» YouTube жобасында осындай пікір айтты.

«Осы роман арқылы Кеңес заманында аты аталмай келген батырдың тарихи рөлі қазақ оқырмандарына кеңінен танылды. Оспан батыр – бүгінде қазақ тарихында ұлттық тәуелсіздік үшін ақырғы деміне дейін күрескен қайраткер және батырлық дәстүрдің соңғы өкілі ретінде бағаланады», - дейді Руда Зайкенова.

Ал, «Құланның ажалы» романы – Ақан Нұрмановтың жалғыз кітабы. Сонымен тарихта қалған қаламгер. Кеңестік идеология дәуірлеп тұрған шақта шығарманы Кейкі батырдың өз атымен атай алмады, сол себепті «Құланның ажалы» болды. Алайда шығарма қаламгердің көзі тірісінде емес, өмірден өткен соң Қалихан Ысқақовтың аяқтауымен жарық көрген роман.

«Торғай өңірінде ел аузында кең таралған «Амангелді көз мерген, Кейкі қол мерген» деген сөз бар. Қос батырдың мергендік шеберлігінің ерекшелігін осылай сипаттайды. Бұл тарихи ақиқат. Кейкінің батырлығы мен мергендігін Ақан Нұрманов өзінің романында шебер суреттеп берген. Автор «Құланның ажалын» бір жағынан егіле отырып, екінші жағынан Кейкінің батыр тұлғасына тамсана жазғанын аңғаруға болады», - деп ой түйеді, әдебиеттанушы ғалым  Руда Зайкенова

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Бөлісу:

Көп оқылғандар

Taza Qazaqstan