Басты бет
/
Әдеби үдеріс
/
Ғалым Жайлыбайдың ешкімге ұқсамайтын өлеңі...

Ғалым Жайлыбайдың ешкімге ұқсамайтын өлеңі

14.11.2025

3373

Ғалым Жайлыбайдың ешкімге ұқсамайтын өлеңі - adebiportal.kz

«Ұлт оқитын 100 кітап» жобасының кезекті шығарылымында поэзиялық шығармалар талқыланды. Бағдарламаға белгілі жазушы, сыншы Бекен Ыбырайым, ақын Дәулетбек Байтұрсынұлы және ақын Мұратхан Шоқан қатысты. 

1980-90 жылдары қазақ әдебиетін тағы бір белеске көтерген ақындардың қатарында Ұлықбек Есдәулет, Есенғали Раушанов, Ғалым Жайлыбай, Светқали Нұржанов, Гүлнар Салықбай бар. 

– Ғалым Жайлыбай туралы бір жағдайды айтқым келіп отыр. Қателеспесем, 1995 жылы болса керек, Абай Құнанбайұлының 150 жылдығына арналған үлкен республикалық мүшәйра болды. Ақындардың бәрі Абайға арнау жазып келгенде, ішінде бір «бөтен» өлең болды. Бөтен болғанда, ешкімге ұқсамайтын. Ол – Ғалым Жайлыбайдың «Құнанбай» деген өлеңі еді. Сол өлең менің ойымнан әлі кетпейді. Себебі ол Құнанбай тұлғасының сыр-сипатын ашқан өлең болды. Біз сөз етіп отырған толқынның бір ерекшелігі осында еді. Оларда тереңдік, тосын ой бар, күтпеген  шешімдер мен көркем суретті көз алдыңа жайып салады, - дейді ақын Дәулетбек Байтұрсынұлы.

Сондай-ақ ол шекараның арғы жағында қалған Шығыс Түркістандағы қазақ оқырмандары Ұлықбек Есдәулеттің жырларымен жақсы таныс екенін айтты. 

– Арғы беттегі оқырманға Ұлықбектің поэзиясы Мұқағали, Қадыр, Тұманбай ағаларының жырларымен жарыса жетті деуге болады. Сол кезден бастап Ұлықбек Есдәулеттің: «Жеменейім-ау, жебедей жүйрік, Ғасырдан өттің кемедей құйғып. Зайсанмен сені теңестірер ем, Қолымда болса зәредей билік» деп келетін екпіндеген өлеңдері жатталып қалған еді, - деді Дәулетбек Байтұрсынұлы.

Толығырақ «Әдебиет порталының» YouTube арнасындағы «Ұлт оқитын 100 кітап» жобасынан  көрулеріңізге болады.

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Бөлісу:

Көп оқылғандар

Taza Qazaqstan