Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ӨЗ СӨЗІМ
Герман Гессе. Әлемдік шындық – күштілердің әлсізде...

03.05.2023 1734

Герман Гессе. Әлемдік шындық – күштілердің әлсіздерді қорлауы туралы таусылып бітпейтін сұрқай есеп беру ғана 14+

Герман Гессе. Әлемдік шындық – күштілердің әлсіздерді қорлауы туралы таусылып бітпейтін сұрқай есеп беру ғана - adebiportal.kz

Біреуді жек көргенің – сен ол адамдағы өзіңде бар нәрсені жек көргенің. Өзімізде жоқ нәрсе бізді көп алаңдатпайды.

***

Құдай бізді жалғызсырату арқылы өзіне апарудың мыңдаған жолын нұсқайды.

***

Егер ләззат алуың үшін саған біреудің рұхсаты қажет болса, онда сен шынымен де мүсәпірсің.

***

Достардан гөрі бәсекелестер бірін-бірі көбірек қажетсінеді... жел соқпаса диірмен айналмайды ғой.

***

Қауіпсіз жолға ақымақтарды ғана салады.

***

Аңды жамандаудың қажеті жоқ. Рас, олар кейде қорқынышты болғанымен, бәрі бір адамнан гөрі шынайы.

***

Өмірде мән бар ма? Егер бар болса, онда неге нәресте өмірге жылап келеді? Неге күліп келмейді?

***

Әлемдік шындық – күштілердің әлсіздерді қорлауы туралы таусылып бітпейтін сұрқай есеп беру ғана.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар