Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Юз шеьр» кітабының тұсаукесері өтті...

02.02.2023 1562

«Юз шеьр» кітабының тұсаукесері өтті 14+

«Юз шеьр» кітабының тұсаукесері өтті - adebiportal.kz

 

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында  ақын, философ, кітапхана жанындағы «Жас қалам», «Әдебиет әлемі» бірлестігінің жетекшісі Мұратхан Шоқанның бастамасымен «Жүз өлең» жобасы бойыншаӨзбекстанда өзбек тіліне аударылып жарық көрген Қазақстанның 20 жас ақынының өлеңдері енген «Юз шеьр» кітабының тұсаукесері өтті.

Айтулы шараға Өзбекстанның Қазақстандағы елшісі Саидикром Пархатович Ниязходжаев, Бас консулы Аброр Фатхуллаев, "Парасат", “Құрмет” ордендерінің иегері, белгілі меценат Ұзақбай Рүстемұлы Айтжан, Алматы қаласы Мәдениет басқармасынан Арман Қалыбеков, Алматы қаласы Әділет департаментінің басшысы Абай Арап, Алматы Қоғамдық даму басқармасының Алмалы және Жетісу аудандары бойынша аумақтық бөлімінің басшысы Асылбек Сатаев, Алматы қаласы білім бөліміне қарасты Наурызбай ауданы білім бөлімнің басшысы Салтанат Құсайынова, №187 балабақшаның меңгерушісі Фарида Омарбекова ақын-жазушылар, зиялы қауым өкілдері, кітапханашылар, «Тұлға-достық» клубының мүшелері - Арман Сарынов, Алматы темір жол көлігі колледжінің директоры Алмас Айдар қатысып, тілектерін айтты. Өлеңдері өзбек тіліне ауларылған ақындар Жангелді Неміребай, Арайлым Мұраталиева, Ұлан Ысқақ жыр оқыды. 

Кешке келген қонақтар қазақ және өзбек әдебиеті өкілдерінің бір-бірімен қарым-қатынасына куә болып, екі бауырлас елдің достығының тереңдей түсуіне тілеулестігін жеткізді. Өзбекстанның елшісі Саидикром Пархатович Ниязходжаев екі ел байланысына баяғыдан ақын-жазушылардың үлесінің зор екенін, бұл үрдістің жастар арасында жалғасын тауып жатқаны қолайтын іс екенін, ақын-жазушыларға құрмет - халыққа құрмет екенін тілге тиек етті.

Кітапхана директоры  Бақытжамал Оспанова қонақтарға құрмет көрсетіп, кітап тарту етті.  Ақын Мұратхан Шоқанды кітапхананың “110 жылдығы” медалімен марапаттады. Мұратхан Шоқан сөз алып, “Юз шеьр” кітабын шығарған Өзбекстан Жазушылар одағының төрағасы, халық шайыры Сирожиддин Саййидқа, ақын Надыр Жанұзақ, Фахриддин Хиятқа алғыс білдірді. Алатау баурайындағы кітапханада өткен тұсаукесер халықтың ақындарға көрсеткен зор құрмет-ықыласының көрінісі іспетті болды. 

Жетібай Рақымберді


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар