Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ТӨР
«КЕМЕЛ ҚАЛАМГЕР» республикалық шығармашылық байқау...

17.05.2023 1851

«КЕМЕЛ ҚАЛАМГЕР» республикалық шығармашылық байқауына қатысыңыз 14+

«КЕМЕЛ ҚАЛАМГЕР» республикалық шығармашылық байқауына қатысыңыз - adebiportal.kz

Көрнекті жазушы, қазақ детектив жанрының негізін қалаушы Кемел Тоқаевтың 100 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылатын 

«КЕМЕЛ ҚАЛАМГЕР» республикалық шығармашылық байқауы туралы ХАБАРЛАМА

Көрнекті жазушы, қазақ детектив жанрының негізін қалаушы Кемел Тоқаевтың 100 жылдық мерейтойына орай «Кемел қаламгер» атты республикалық шығармашылық байқауы жарияланды.

Детектив жанрында және құқық тақырыбында жазатын отандық авторлардың шығармаларын қолдау мақсатында ұйымдастырылып отырған байқауға төмендегі номинациялар бойынша жұмыстар қабылданады:

         1) Детектив жанрындағы әдеби шығарма/эссе;

         2) құқық тақырыбында жазылған сараптамалық мақала/зерттеулер.

Байқауға бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған жұмыстар қатыса алады.

Өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 22 мамырдан 22 тамыз аралығында жүргізіледі.

Байқаудың ережесі туралы ақпарат Telegram қосымшасындағы «Кемел қаламгер байқауы» каналында (https://t.me/kemel_qalamger) орналасқан. 

Байқау жұмыстары kemel.qalamger@gmail.com электрондық поштасы арқылы қабылданады. 

Байқауды ұйымдастырушы: «Кемел Тоқаев атындағы Қайырымдылық қоры»


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар