Қазақ хандығының 550 жылдығы Шығыс Қазақстанда да ерекше серпінмен мерекеленді. Абыз жырау Кетбұқа мен Төлегетай бабамызға ат шаптырып, палуан күрескен үлкен ас берілді. Мерекені ұйымдастырушы жергілікті кәсіпкерлер және осы шараның төрағасы Қайрат Мусиннің пәрменімен Бабалар рухына арналған поэмалар мен дастандар сайысының дүркіреп өткені ел мерейін тасытты. Сайысқа қатысқан 35 шығарманың таңдаулылары кітап боп басылып шығуы осы тойдың олжасы, өшпес ізі боп қалды.
Бабалар рухына арналған Республикалық мүшәйра қорытындысы мынадай болды:
Бас жүлдеге – Ғазиз Ештанаев ие болса, I орын – Кенжебай Ахметовке ; II орын –Бақытжан Райысоваға; III орын – Батырбек Мырзабековке берілді.
Мүшәйраның ынталандыру сыйлықтарын ақындар Төлеген Жанғалиев пен Мұрат Тастағанов еншіледі.
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)
Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.