Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Кітапхана – мәдениет пен тарихты сақтаудың алтын а...

21.09.2021 3651

Кітапхана – мәдениет пен тарихты сақтаудың алтын арқауы 12+

Кітапхана – мәдениет пен тарихты сақтаудың алтын арқауы - adebiportal.kz

Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасымен бірге Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Қазіргі әлемдегі қоғамның мәдени-тарихи мұрасын сақтаудағы кітапхананың рөлі» атты халықаралық конференция өтті.

Халықаралық конференцияның негізгі мақсаты – ғалымдар мен қоғам қайраткерлеріне, Президенттік, Ұлттық және басқа да ірі кітапханалардың директорларына, кітапхана саласының барлық мамандарына қазіргі әлемде қоғамның тарихи және мәдени мұрасын сақтаудағы кітапханалардың рөліне, оның патриотизмді және азаматтықты тәрбиелеудегі гуманистік миссиясына арналған халықаралық конференцияға қатысуға мүмкіндік беру үшін ақпараттық және ғылыми-мәдени алаң құру.

Халқаралық конференцияны Ұлттық академиялық кітапхананың директоры басшысы Үмітхан Дәуренбекқызы Мұңалбаева жүргізді. Дәуренбекқызы конференцияның ашылу сөзінде бұл реткі жиналыстың маңызы мен мәніне тоқтала келіп, адамзат өміріндегі, мәдениетіндегі, тарихындағы кітапхананың айрықша орын алатын қасиетін баса айтты.

Одан кейінгі сөзді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры Темірболат Бақытжан Берікбайұлы алды. Бақытжан мырза өз сөзінде кітапханалардың қызыметінің айрықша мәніне тоқтала келіп, бүгінгі жиналыстан үлкен нәтиже күтетінін, алдағы уақытта өзара тәжірибе алмасып, кітапханалар ісін замана ауқымымен қатар дамытып, жалғасты бірге жұмыс жасауға пейілді екенін атап өтті.

Халықаралық конференцияға Қазақстан, АҚШ, Ресей, Жапония, Біріккен Араб Әмірліктері, Египет Ислам Республикасы,Түркия, Германия, Чехия, Словакия, Корея, сондай-ақ Еуропа, Азия және ТМД елдерінің басқа да ірі кітапханаларының директорлары қатысты.

Халқаралық конференцияға Ресей мемлекеттік кітапханасының Бас директоры Дуда Вадим Валерьевич, М.И. Рудомино атындағы кітапхананың директоры Кузьмин Павел Леонидович, Б.И. Ельцин атындағы президенттік кітапхананың ақпараттық ресурстар жөніндегі директоры Жабко Елена Дмитриевна, Түркияның сыртқы байланыстар Департаменті филиалының басшысы Токай Эбру және т.б. мамандар мен ғалымдар баяндама жасады. Сондай-ақ конференцияға белгілі ақын-жазушылар, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет және жазушы, Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Раев Сұлтан Әкімұлы қатысып, өз ойларымен бөлісті.

Кезекті сөз тізгінін алған белгілі журналист, қоғам қайраткері Сәдібек Түгел жаңа уақыт, жаңа технологиямен бірге бүгінгі заманауи кітапхана желісінің қызымет өтеу түрінің кеңейгенін, дамығанын, өз маңызы мен құндылығын тіпті де арттыра түскенін айта келе, барша кітап сүйер қауымның атынан жиналысқа қатысушыларға айрықша ыразышылығын айтты.

Халықаралық конференция ZOOM платформасында Ә.Нұрпейісов атындағы оқу залында өтті. Конференцияға қатысушылар цифрландыру дәуірінде кітапханаларды дамыту және жаңа жаһандық сын-тегеуріндер мәселелерін талқылайды, ақпараттық қызмет көрсетудің тиімді нысандарын қолдану принциптерімен, шет елдер кітапханаларының өзара іс-қимыл процестері мен қызмет тәжірибелерімен бөлісті.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар