Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы және М. Сералин атындағы әдеби бірлестігінің ұйымдастыруымен, «Тамшы» ғылым және мәдениет қорының ұйытқы болуымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Көктем бүрлері» атты республикалық жыр мүшайрасын жариялайды. Марапаттау шарасы 2016 жылы 19 сәуірде өтеді. Байқауға 29 жасқа дейінгі жас ақындар қатыса алады.
Мақсаты мен міндеттері:
* Әдеби үрдісте дарынды жас ақындардың жарқырап көрінуіне жол ашу.
* Шығармаларының танылып, оқырманға жетуіне қолдау көрсету.
* Жас ақындардың ішкі мүмкіндіктерін ашып, шабыттарына қанат бітіру.
* Сол арқылы руханиаттың маңызды саласы болып есептелетін әдебиет әлемінің жас буын, жаңа есімдермен толығуына үлес қосу.
* Жас таланттар мен оқырмандардың, әдебиеттегі аға буын мен жас толқынның пікірлес орта табуына арқау болу;
* Өскелең жас ұрпақтың бойындағы отансүйгіштік сезімін жалындатып, ұлтжанды азамат егемен елдің ертеңі екенін сезіндіру. Талантты жас ақындарға қолдау көрсету және поэзия арқылы мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру. Сонымен қатар ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық тарихын өлеңмен өрнектеу. Студент кездегі жастық жалынына оранған жігерлі жырларды, тұмса бұлақтай мөлдір өлеңдерді насихаттау. Ақындарды ынталандыру.
Жүлде қоры:
Бірінші орын - 150 000 теңге
Екінші орын - 100 000 теңге
Үшінші орын - 50 000 (үш жүлде) теңге
Ынталандыру сыйлығы - 20 000 (бес сыйлық) теңге
Мүшәйраға қатысу шарттары:
Мүшайраға әр автордан 4 өлең қабылданады:
* 1 өлең «Тәуелсіздік-тірегім» тақырыбындағы жыр;
* 2 өлең көктем, махаббат тақырыбындағы жырлар болуы тиіс;
* Келесі 1 өлең кез келген тақырыптағы ақынның мүмкіндігін көрсететін туынды болуы шарт;
- Мүшайраға 29 жасқа дейінгі жас ақындар қатыса алады;
- Ұсынылтын шығармалардың жалпы көлемі 5 беттен аспауы керек;
Мүшайраға қатысушы әр авторға ұйымдастырушылар тарапынан реттік сан қойылып, қазылар алқасына тек автор есімі белгісіз шығармалар ғана ұсынылады.
Сайысқа түсетін шығармаларға қойылатын талаптар:
* Шығармалар 2016 жылдың 10 сәуіріне дейін қабылданады;
* Шығармалар тек электронды түрде ғана қабылданады;
* Шығарма мәтінінің электронды нұсқасы /міндетті/ мына мекен жайға жіберілуі тиіс: jurkaznu.kz@mail.ru
* Сайысқа барлық шарттарға сай (техникалық, мазмұндық, т.б.) әзірленген шығармалар ғана қабылданады;
* Сайысқа қатысатын шығарма бұрын еш жерде жарияланбаған болуы тиіс;
Қосымша талаптар:
- қатысушының аты-жөні;
- тұрғылықты мекенжайы, телефон нөмірі, электронды адресі, суреті, өмірбаяны мен шығармашылығы туралы қысқаша ақпарат;
- Жазылу қаріпі: Times New Roman, 14 pt.
- шығарма мәтіні тек бір рет қана қабылданады, қабылданған шығарма мәтінін қайта түзетуге рұқсат етілмейді;
- Шығармалардың барлық авторлық құқығы сақталады.
- Шарттары түгел орындалмаған, мерзімінен кешіккен шығармалар қатыстырылмайды. Жеңімпаз ақындардың жырлары факультеттің «Журналист» газетіне жарияланады.
Бас демеуші: «Тамшы» ғылым және мәдениет қоры
Әл-Фараби 71, Журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы (225ауд)
Е-майл: jurkaznu.kz@mail.ru
Хабарласу үшін – 8 727 377-33-39, ішкі 13-51,
Ұялы телефон: 8777 822 77 85
Ұйымдастыру алқасы
Материалды көшіріп жариялау үшін
редакцияның
немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме
берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас
құқықтар
туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)
Мақала авторының көзқарасы редакцияның
көзқарасын білдірмейді.