Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Конкурсқа қатысып, бақтарыңызды сынаңыздар!...

10.10.2016 3582

Конкурсқа қатысып, бақтарыңызды сынаңыздар!

Конкурсқа қатысып, бақтарыңызды сынаңыздар! - adebiportal.kz


Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі журналистика саласында «ШАҢЫРАҚ» шығармашылық конкурсын өткізуді жоспарлап отыр. Конкурсқа арналған материалдарыңызды 15 қазанға дейін, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, 13-кіреберіс, 681-кабинет мекенжайы бойынша тапсыруларыңызға болады. 21 қазан күні салтанатты марапаттау рәсімі өткізілмек.




Жазыңыздар! Қатысыңыздар! Жеңімпаз атаныңыздар!

Толық мәліметі төмендегі ақпараттық хаттан алуға болады.


ЖУРНАЛИСТИКА САЛАСЫНДА

«ШАҢЫРАҚ» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КОНКУРСЫН ӨТКІЗУ


ЕРЕЖЕСІ


1.Жалпы ережелер


1.1. Журналистика саласында «Шаңырақ» шығармашылық конкурсын (бұдан әрі - Конкурс) өткізуге арналған осы Ереже Қазақстан халқы Ассамблеясының 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасын іске асыру бойынша 2016-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 41-тармағын іске асыру мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 маусымдағы №837 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің Жарғысына сәйкес әзірленген. Конкурс Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып өткізіледі.

1.2. Конкурстың басшылығы:

1) Конкурстың құрылтайшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы;

2) Конкурсты ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» Республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мекеме) болып табылады.

1.3. Осы Ереже конкурстың өткізілу тәртібін және жобаларды іріктеу өлшемдерін айқындайды.


2. Конкурстың мақсаты және міндеттері


2.1. Конкурстың мақсаты – этносаралық қатынастар тақырыбын жазып-көрсететін журналистерді ынталандыру арқылы елдегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту болып табылады.

2.2. Конкурстың міндеттері:

1) қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту;

2) этносаралық қатынастар мен мәдениетаралық диалог саласындағы мемлекеттік саясат жетістіктерін жазып-көрсету;

3) қазақ халқының және Қазақстанда тұратын этностардың мәдениеті мен салт-дәстүрлерін насихаттау.

4) мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту;

5) қазақстандық журналистиканың дамуына қолдау көрсету;

6) қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік тақырыбын жазып-көрсететін қазақстандық БАҚ өкілдерінің рөлдері мен жауапкершіліктерін арттыру болып табылады.


3. Конкурсқа қатысушылар


3.1. Конкурсқа қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері, этномәдени бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ғылым және мәдениет қайраткерлері, сарапшылар және жеке авторлар қатыса алады.

3.2. 2016 жылғы Конкурсқа соңғы 2 жылда өткізілген конкурстардың жеңімпаздары қатыса алмайды.

3.3. Әр қатысушы тек қана 1 (бір) өтінім бере алады.


4. Конкурс басшылығы


4.1. Конкурс құрылтайшысы конкурсқа жалпы басшылықты жүзеге асырады.

4.2. Өңірлік деңгейде Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық хатшылықтары Құрылтайшы, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының «Қоғамдық келісім» КММ-і ұйымдастырушы болады.

4.3. Ұйымдастырушы:

- осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

- қазылар алқасын құрады және оның құрамын бекітеді;

- конкурстың барлық рәсімдері мен оның өткізілу тәртібін айқындайды және конкурс жеңімпаздарын марапаттауды қамтамасыз етеді;

- конкурс қорытындыларын бекітеді;

- www.assembly.kz сайтында конкурстың жариялануы туралы ақпарат орналастырады, конкурстың қорытындылары туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етеді.

4.4. Конкурс жеңімпаздарын айқындау мақсатында Ұйымдастырушы-ның қатысушылардан қосымша ақпарат сұратуға құқығы бар.

4.5. Конкурс жеңімпазын қазылар алқасы айқындайды.


5. Конкурсты өткізу тәртібі мен мерзімі


5.1. Конкурсқа мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған, 2016 жылғы 1 қаңтардан 1 қазанға дейін БАҚ-та, оның ішінде, этноБАҚ-та және интернет-ресурстарда жарияланған баспасөз материалдары, теле- радиобағдарламалар қабылданады.

5.2. Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

- ақпараттық жаңалықтар мен телевизиялық бағдарламалардың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған үздік бейне сюжеттері;

- баспа және электрондық басылымдардағы қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған үздік мақалалар;

- ақпараттық агенттіктердің және желілік басылымдардың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған үздік радиобағдарламалары мен материалдары;

- мемлекеттік тілді насихаттау және кеңінен танытып-тарату саласындағы арнайы жүлде.

5.3. Конкурс 2 кезеңнен тұрады:

- өңірлік конкурсқа қатысу үшін қатысушылар 2016 жылғы 5 қыркүйектен бастап 2016 жылғы 5 қазанға дейін конкурстық жұмыстарды жібере алады;

- конкурстың бірінші (өңірлік) кезеңінен өткен конкурстық жұмыстар 2016 жылғы 5 қазаннан 2016 жылғы 15 қазанға дейін өтетін конкурстың екінші (республикалық) кезеңіне жіберіледі.

5.4. Өңірлік «Қоғамдық келісім» КММ-і немесе Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық және Астана мен Алматы қалалық хатшылықтары өңірлік кезеңнің конкурс жеңімпаздарының материалдарын өңірлік конкурстық комиссияның отырысы хаттамасының көшірмесімен бірге жабық конвертпен 2016 жылғы 5 қазанға дейін мына мекенжайға жібереді: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, 13-кіреберіс, 681-кабинет.

5.5. Үздік жұмыстарды салтанатты марапаттау Астана қаласында 2016 жылғы 2016 жылы 21 қазанда өткізіледі.

5.6.Конкурсты ұйымдастырушыға конкурстық өтінімдерді қабылдау уақыты өткеннен кейін берілген немесе конкурс талаптарына сәйкес келмейтін өтінімдер конкурсқа жіберілмейді.

5.7. Конкурсқа жіберілген материалдарға пікір жазылмайды және қайтарылмайды.


6. Конкурстық өтінімді ресімдеу талаптары


6.1. Конкурсқа қатысуға өтінім беру қатысушының осы Ережемен белгіленген конкурсқа қатысу талаптары мен шарттарына келісімін білдіреді.

6.2. Конкурсқа қатысу үшін берілген өтінім:

- кандидаттың осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысанда толтырылған өтінімінен;

- өтінімнің конкурс талаптарына сәйкес келуін растайтын қосымша құжаттарды қамтуы тиіс.

Бір өтініммен берілетін материал саны 3-еуден кем емес және 5-еуден артық болмауға тиіс.

6.3. Конкурсқа қатысуға өтінімді конкурстың өңірлік ұйымдастырушысына конкурстың атауы мен жіберушінің деректерін көрсетіп, электронды түрде, сонымен қатар, жабық конвертпен жіберуге болады.

6.4. Конкурсқа қатысуға түскен өтінімді конкурсты ұйымдастырушы өтінімнің келген күні мен уақытын көрсетіп, конкурсқа қатысу үшін тіркейді.

Ақпараттық сипаттағы қысқа материалдар /баспасөз хабарламасы, т.б./ конкурсқа қатыстырылмайды.

6.5. Конкурсқа қатысуға түскен өтінім осы Ережемен көзделген талаптар бұзылған жағдайда қабылданбайды және тіркелмейді.

Байланыс телефондары: + 7 7172 74 12 15, + 7 7172 74 12 13

E-mail: info_rgy@mail.ru


№1 ҚОСЫМША


Журналистика саласындағы

«Шаңырақ» шығармашылық конкурсына қатысуға арналған

өтінім


1. Қатысушы туралы мәліметтер:

* облысы, елді мекені;

* тегі, аты, әкесінің аты;

* туған жері және туған жылы;

* ұлты;

* тұрақты тұратын жері;

* байланысу телефоны;

* оқу орны/жұмыс істейтін жері;

* лауазымы;

* жұмыс өтілі.

2. Шығармашылық құжаттар:

* баспа БАҚ-та жарияланған материалдардың сканирленген көшірмелері;

* интернет-ресурстардағы парақшалардың басып шығарылған көшірмелері;

* теле-, радио бағдарламалардың дискке DVD, CD форматында жазылған жазбалары.



Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар