Басты бет
/
Әдеби үдеріс
/
УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК
/
Күнікейдің жазығы не? Жастар жауап іздейді......

Күнікейдің жазығы не? Жастар жауап іздейді...

99

Күнікейдің жазығы не? Жастар жауап іздейді... - adebiportal.kz

«Әдебиет порталының» «Жансусар» бағдарламасына кітап насихатымен айналысып, кітап оқитын жастарды көбейтіп, руханиятқа өз халдерінше үлес қосып келе жатқан «Алқа» кітап клубы келді. Бұл жолы қазақтың ғажайып жазушысы Жүсіпбек Аймауытовтың «Күнікейдің жазығын» талдады. 

Жастың аты -  жас, олар шығарманы өз таным, пайымдарымен қабылдап, осы уақытпен сәйкес көре алады. Бұл еркін пікір алаңы болғандықтан «еркіндік» пен «жауапкершіліктің» ара жігін ашуға тырысып, психологиялық, гендерлік, постколониалдық, ⁠әлеуметтік жағынан келуге тырысты. «Шынымен де Күнікейдің жазығы не еді?»  деген сұрақтың жауабы әр алуан, кейде тіпті қайшылықты болуы да қисынды. Қалай десек те, арада жүз жыл өткенде де бұл шығарманың өзектілігі жоғары екеніне тағы бір рет көз жетіп отыр.  Бүгінгі күнмен салыстырсақ, осы уақытта да Күнікейлер жоқ дей алмайсыз, қорғансыздық пен әділетсіздік басқа формада жалғасып жатыр. Осы жерден жастардың шығармаға қатысты пікірін көре аласыздар.

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Бөлісу:

Көп оқылғандар

Taza Qazaqstan