3 наурыз күні «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» басшылығының ұйымдастыруымен «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты ағымдағы жылға арналған Елбасы Жолдауын түсіндіру мақсатында дөңгелек үстел болып өтті.
Мәңгілік ел - ата-бабамыздың сан ғасырлар бойы армандап өткен асыл арманы. Еліміздің осындай биік белеске жетуі, әлем мойындаған Қазақстан Республикасы атануы - бабаларымыздың жау желкеден алғанда, ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен сан ғасырлар бойы күресуінің жемісі. Елбасымыз 30 қаңтар күні Ақордадан дәстүрлі жолдауын Қазақстан халқына жариялады. Мемлекетіміздің үшінші мүшелге аяқ басқан шағында жарияланған жолдауы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталады. Елбасымыздың әрбір жолдауы - толғауы терең қайталанбас дүние. Мәңгілік ел болу жолында көшбасшымыздың жасаған әрбір қадамы қанатымен су тасыған қарлығаштың тіршілігіндей екені даусыз.
Осындай еңбектің өлшеусіз екенін ұғындырып, жан-жақты түсіндіру мақсатында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» РМҚК директорының міндетін атқарушы Салтанат Сейдімбек, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын Несіпбек Айтұлы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жанғали Жүзбаев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Рысқали қатысты.
Н.Ә.Назарбаев айтқандай, ХХІ ғасыр қазақ елінің тарихында ойып тұрып орын алар «Алтын ғасыр» деген атпен мәңгілік қалуы керек. Мәңгілік ел болу жолында бізге ештеңе де кедергі емес. Себебі біздің мемлекеттік тіліміз, салт-дәстүріміз, ұлан-байтақ жеріміз, бірлігі жарасқан халқымыз да бар. Тәуелсіздікке қол жеткізген сәттен бастап, қазақ елі қарқынды дамып, әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілетті озық елдердің қатарына енді.
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)
Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.