Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Меценат» роман бәйгесінің ІІІ кезеңі басталды...

13.09.2023 1440

«Меценат» роман бәйгесінің ІІІ кезеңі басталды 14+

«Меценат» роман бәйгесінің ІІІ кезеңі басталды - adebiportal.kz

Қадірлі қаламгерлер, «Mecenat.kz» әдеби байқауының III мауысымына романдарды қабылдау басталды. Өтінімдерді қабылдау 2024 жылдың 14 сәуіріне дейін жалғасады.

«Mecenat.kz» әдеби байқауы ІІІ маусымын ашық деп жариялап, өтінімдерді қабылдауды бастады. Қазақстан туралы қазақ немесе орыс тілінде жазылған шығармалар қабылданады. Байқауға қатысатын романның көлемі – бос орындармен есептегенде 150 000 белгіден бастап, 300 000 белгіге дейін болуы шарт. Өтінімдерді қабылдау 2024 жылдың 14 Сәуір күні, сағат 15:00-де (Астана уақытымен) аяқталады.

Байқау ережесіне басқа да өзгерістер енгізілген. Байқауға қатысушы өтінімді дұрыс, талапқа сай қылып ұсынуы тиіс екенін, өтінімде қандайда бір қателік болса, қатысушы өзі жауап беретінін ұйымдастырушылар ескертеді. Байқаудың ережелеріне сай келмейтін, ережені бұзған қолжазбалар байқаудың кез-келген кезеңінде шеттетіледі.

Байқаудың жалғыз жеңімпазы болады және ол өмір бойына айына 500 АҚШ долларын алып отырады.

Байқау шарттарымен https://mecenatkz.com/ сайтынан таныса аласыздар!

Идея авторы және жобаның ұйымдастырушысы Ерлан Асқарбеков

Жоба меценаты – қазақстандық финансист Тимур Турлов


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар