Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Мерзімінен бұрын сайлауға ақын-жазушылар да үн қос...

18.01.2016 2206

Мерзімінен бұрын сайлауға ақын-жазушылар да үн қосады

Мерзімінен бұрын сайлауға ақын-жазушылар да үн қосады - adebiportal.kz


Әдебиет халықсыз болмайды. Ал халық мемлекетсіз өмір сүре алмайды. Сондықтан мемлекетте орын алып жатқан әрбір саяси оқиға әдебиетте жүрген адамдарды да бей-жай қалдырмасы анық. Мерзімінен бұрын Мәжіліс пен мәслихаттың сайлауын өткізу бастамасына ақын-жазушылар да үн қосқан болатын. Осыған байланысты «Әдебиет порталы» әдеби ортаға ортақ сауал тастап, аға, орта және кіші буыннан үш өкілдің пікірін беріп отыр.

adebiportal.kz

Мырзатай Жолдасбеков, қоғам қайраткері


Біз қазір бақытты заманда өмір сүріп жатырмыз. Әрине, тарихымызда талай батыр-билер, атақты хандар, арда ұлдар болды. Дегенмен олар басқыншы жаумен жағаласып, елімді қайтсем ұшпаққа шығарам деп өтті. Қазір, Құдайға шүкір, сол бабаларымыз аңсап өткен Тәуелсіздікке қолымыз жетіп, бейбіт өмір сүріп жатырмыз.

Менің есімде, Тәуелсіздік алған күннен бастап Мемлекет басшысы халықтың бірлігі мен берекесін барлығынын биік орынға қойды. Өйткені бірлік пен берекесіз ештеңе де болмайды. Бауырына бауыры қарсы шыққан Украина не болып жатыр қазір? Мұсылман елдерінде не болып жатыр? Кезінде бабаларымыз жырға қосқан Сирияның жағдайы қандай? Бейбіт халқы қырғынға ұшырап, қалғаны азып-тозып, босып кетті. Кезінде біздің халықтың да басынан өткен мұндай оқиғалар. Ондайдан Құдай сақтасын!

Сондықтан, менің айтарым, біз Тәуелсіздік алғалы ешқандай қиындық көрген жоқпыз. Ауыртпашылықтар болды, әрине. 2009 жылғы дағдарыс та ауыр соқты. Оны әлемдегі барлық елдер көрді. Алайда Елбасының сарабдал саясатының арқасында алғашқылардың бірі болып сол дағдарысты еңсере білдік. Осы жолғы дағдарыстан да сағымыз сынбай шығатынымызға сенімдімін. Ол үшін заң шығарушы, оны орындаушы тетіктерді тағы бір тезден өткізіп, ширата түсу ләзім. Парламент Мәжілісін мерзімінен бұрын сайлау шаралары да осы талаптың үдесінен шығу үшін жасалып жатыр деп ойлаймын. Бәлкім, Парламентіміз жаңадан жасақталып, соны күшпен қызметке кіріссе, қыруар шаруаның басын қайырып тастары анық.



әскерхан ақтай.jpgӘскерхан Ақтай, ақын

Мәжілістің мерзімінен бұрын сайлауын қолдаймыз!

Мәжілістің өзін-өзі тарату туралы шешімін толық қолдаймын, әрі бұл бастама жалпы қарапайым халықтың көңілінен шықты десем, артық айтқандық емес.

Себебі: бүгінгідей жаһандағы күрделі саяси ахуал қалыптасқан уақытта білікті саясаткерлер мен кәсіби мамандардан құралған Парламент жаңадан жасақталуы тиіс деген пікірдемін.

Мәжіліс өзіне жүктелген міндетті толық жүзеге асырды.

Шын мағынасында Мәжіліс депутаттарының да осындай батыл қадамға бауының өзі ел игілігі үшін үлкен бастама.

Тағы бір қосарым, біздің Ата заңымызда Мәжіліс депутаттары 5 жылға сайланады деп көрсетілген. Алайда тәуелсіздік жылдарындағы тәжірибеден қарасақ, бірнеше рет төменгі палата өзін өзі мерзімінен бұрын тарату туралы Елбасыға үндеу жолдаған екен. Бұған қарағанда мәжіліс сайлауын 4 жылда бір рет өткізу туралы өзгерту енгізсе дұрыс болар деп ойлаймын.

Сайлау өтуін қолдаймын. Әрі осы жолғы таңдаудың нәтижесінде кәсіби, іскер Парламент жасақталады деп сенем.






Бекмұрат Өмірбек, жас ақын


Мерзімінен бұрын сайлау науқаны - мемлекеттің дер кезінде ойластырған нақты қадамы. Тəуелсіздік алған жылдан бері Президентті немесе Парламент мүшелерін мерзімінен бұрын сайлау елдің тез өркендеуіне, дағдарыстан даңғыл жолға түсуіне септігін тигізіп келеді. Əлем тұрақтылық пен бейбітшілікке мұқтаж. Ирак, Украина, Сириядағы тұрақсыздықтар соның айғағы. Осы тұрғыдан саясат саңлақтары, қоғам қайраткерлері үлгі ретінде қазақ елін мысал етуде. Сол себепті мерзімінен бұрын сайлау дағдарысқа қарамай өтуі құптарлық іс. Ел тыныштығы, халық бірлігі - Елбасының мəңгілік идеясын іске асыруда белсенді болайық!




Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар