Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ҰМЫТПАҢДАР МЕНІ
Мұқановтың үйін көріп пе едіңіз?...

06.04.2022 2848

Мұқановтың үйін көріп пе едіңіз? 12+

Мұқановтың үйін көріп пе едіңіз? - adebiportal.kz

Қазақ әдебиетінің классигі, ХХ ғасырдағы аса көрнекті жазушы, қоғам қайраткері, драматург, ақын, академик Сәбит Мұқанов (1900-1973) шын мәніндегі халықтың өз ортасынан шыққан, қазақ халқының ыстық ықылас-ілтипаты мен үлкен құрметіне бөленген ірі тұлға. С.Мұқановтың әдеби-мемориалдық музей-үйін ашу туралы Үкімет Қаулысы 1976 жылы қабылданып, 1978 жылдың 21 қарашасынан бастап алғашқы келушілеріне қызмет көрсете бастады. Музей жазушының 1965-1973 жылдар аралығында тұрған, яғни өмірінің соңғы сегіз жылын өткізген үйде ұйымдастырылған. Күні бүгінге дейін мұражай экспозициясы екі рет жаңаланды. Соңғы рет жазушының 100 жылдық мерейтойы қарсаңында уақыт талабына сай, жаңаша көзқараспен халқы сүйген қаламгердің суреткерлік келбетін кеңінен ашып көрсететін жаңа құнды мұрағаттарды пайдалана отырып жаңартылған. С.Мұқановтың 100 жылдығы ЮНЕСКО шешімімен аталып өтті. 2003 жылы Мәскеуде жазушыны еске алу іс-шаралары ұйымдастырылды. Сәбит Мұқановтың әдеби мемориялыдық музей-үйі алты бөлмеден тұрады. Олар жеке-жеке әдеби зал, жазушының шығармашылық лабораториясы, жазушының зерттеу еңбектері, қонақ бөлмесі, жұмыс кабинеті, жатын бөлмесі сынды құрамдарды қамтиды. Осы орайда, порталымыздың оқырмандарына жазушының музей-үйінен фоторепортаж ұсынамыз.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар