Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
СҰХБАТ
Мүшәйра. «Жасай бер, жайнай бер, астана!»...

17.04.2023 2467

Мүшәйра. «Жасай бер, жайнай бер, астана!» 14+

Мүшәйра. «Жасай бер, жайнай бер, астана!» - adebiportal.kz

«Жасай бер, жайнай бер, астана!»

атты республикалық жыр мүшәйрасына шақырамыз

Тәуелсіз Қазақстанның жүрегі, Мемлекетіміздің тірегі - Астанамыздың байтақ Сарыарқада шаңырақ көтеріп, ірге тепкеніне биыл 25 жыл! Бұл - ұлт болып ұлықтайтын ұлы мереке! Еліміз Астанаға қарап бой түзеп, жас ұрпақ Астанаға қарап болашағын айқындайды. Астанамыздың еңсесі биіктей түскен сайын халқымыздың да арманы асқақтай түседі. 

Астананың Арқаға көшуі – ел өміріндегі айшықты тарих. Бұл тарихты ешкім жоққа шығара алмайды. Кешегі империялық саясаттың салдарынан «тың өлкесінің» орталығына айнала жаздаған Ақмола тәуелсіздік алған отыз жыл ішінде әлемге әйгілі Қазақстан мемлекетінің мәртебелі Астанасына айналды. Бұған неге мақтанбасқа, масаттанбасқа? Еліміз басынан өткерген отыз жыл көлемінде не бір қиындықтарды артқа тастадық. Тарихи көшімізді биіктерге бастадық. Отыз жыл ішінде мемлекет ретінде іргемізді бекітіп, әлемге танылдық. Бұл -  тарих! Әрине жеткен жетістігімізбен қоса, өкініштер де аз емес.

Астананың 25 жылдық мерекесін тойлау – елдікті тойлау. Өткенімізді түгендеп, жарқын болашағымызды ойлау. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың: «Қазақтың тілі – қазақтың жаны! Халқымыздың тарихы да, тағдыры да – тілінде. Мәдениеті мен әдебиеті де, ділі мен діні де – тілінде» - деген сөзі Астанаға да тікелей қатысты. Мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеріп, мұратын айқындауда Астананың орны бөлек! Сондықтан да Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен он жылдан бері Астана күніне арнап Республикалық жыр мүшайрасын өткізіп келеміз. Бұл тұрғыда Астана қаласы әкімдігінің Мәдениет басқармасына республика қаламгерлерінің айтар алғысы мол! 

Астанамыздың 25 жасқа толған тойына арналып жариялап отырған биылғы мүшайраның мәні тіпті ерекше. Астананы жырлау – азаттықты жырлау, тарихымызды жырлау, ұлт болашағын жырлау, тәуелсіздік жолында құрбан болған ерлер рұхын жырлау деп білгеніміз жөн. Сондықтан да биылғы мүшайраның тақырып аясы барынша кең. Жүлде қоры да өте қомақты. Әділетті Қазақстан құруға бет бұрып отырған тарихи кезеңде ақындарды осы дүбірлі жыр бәйгесіне қатысуға шақырамыз. 

Бас жүлде – 3 300 000. 

Бірінші орын – 2 200 000. 

Екінші орын екеу – 1 100 000. 

Үшінші орын үшеу – 660 000. 

Ынталандыру сыйлығы бесеу – 330 000. 

Мүшәйраға еш жерде жарық көрмеген өлеңдер, толғаулар қатыса алады. Мүшайраға үміткер шығармалар 2023 жылдың маусым айының 15 - не дейін қабылданады. 

Мүшәйра қортындысы Астана күні қарсаңында жарияланып, марапаттау рәсімі 30 маусым күні Астана қаласының «Жастар театрында» өтеді. 

Үміткерлер шығармасын компьютерде теріп, төмендегі мекен-жайға жіберу керек. Немесе электрондық поштаға жолдауға болады. astanakalamger@mail.ru  

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, «Тарихи мәдени мұраны сақтау және пайдалану орталығы». Отырар көшесі 1/2 үй. ИНДЕКС: 010000,

Автордың аты-жөні, мекен-жайы, байланыс телефоны, электрондық поштасы міндетті түрде көрсетілуі керек. 

Ескерту: Жүлдегерлердің келіп-кету шығынын ұйымдастырушы тарап мойнына алмайды. 

Ұйымдастыру алқасы


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар