Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Мырзатай Жолдасбеков: «Қазақтың есіктегі басын төр...

29.04.2015 3645

Мырзатай Жолдасбеков: «Қазақтың есіктегі басын төрге сүйреген – Елбасы»

Мырзатай Жолдасбеков: «Қазақтың есіктегі басын төрге сүйреген – Елбасы» - adebiportal.kz
a765150b2a9bb513539352b3a226777f.jpg

Мырзатай Жолдасбеков: – Нұрлы жол дейтін ұғым қазір халықтың санасында қалыптаса бастады. Бұрыннан келе жатқан Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы жолдар бізде болды. Кезінде оның да әжептәуір қызметі болды. Тәуелсіздік алғаннан бері біздің түскен жолымыз тіптен басқа жол. Бұл азаттықтың, тәуелсіздіктің жолы. Сондықтан бұл жолдың өзі нұрлы жол еді. Сол нұрлы жолды одан сайын нұрлы етіп отырған тәуелсіздікті алып келген, халқымен бірге талай жылдар ата-бабамыздың арманына жеткізген ол Нұрсұлтан Назарбаев. Сондықтан, нұрлы жол десе дегендей қазір біз бас-аяғы 23 жыл болды ғой, қарап тұрсаң 23 жыл деген қас-қағым сияқты, есікті ашып-жапқан сияқты уақыт қана. Соның өзінде біз ақылға сыймайтын, қиял жете алмаған жетістіктерге жеттік. Қазақстанды әлемге танытқан, оны мойындатқан, қазақтың есіктегі басын төрге сүйреген Елбасы. Мен Президент туралы 10 мақала жазған адаммын. Соның біреуінде мен жазғам: «Қазаққа адам жақпайды. Басқа елді басқару оңай болуы мүмкін, қазақты басқару қиын. Ең қияметтің қиыны осы» деп. Өйткені, біздер шетінен данышпанбыз, шетінен ақын, жырау, батыр, көсембіз. Бір нәрсе жақпай қалса шалқасынан түсетін халықпыз. Ал, осыны ақылмен ұстап отыру деген қиынның қиыны. Қонаев тірі кезінде көктегі жұлдызымыз деп барлығымыз көзі тірісенде табындық. Сол кісі бір сәтте Құдайдың құдіретімен торғайдай жерге топ етіп түскен кезде қазақ сырт айналып шыға келді. Қазақтың осы бір мінезін сынаған жоқ па Абай?! Елбасын әрдайым қолдайтын да осы қазақ халқы. Құдайдан кейін ең үлкені – халық. Одан асқан ешкім жоқ.  Қазақ халқын қиындықтардан аман алып келе жатқан, аштыққа ұрындырмай, бәле-жаладан сақтап келе жатқан Елбасымыз аман болсын! 

adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар