Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Нүсіпқан Қадырсұлтан: Екі елдің болсадағы......

16.03.2016 2997

Нүсіпқан Қадырсұлтан: Екі елдің болсадағы...

Нүсіпқан Қадырсұлтан: Екі елдің болсадағы... - adebiportal.kz


(Ғабит Тұрсынбек пен Айбек Нұрсейітұлына)

Екі елдің болсадағы тірегі,

Екі елдің үкілеген түлегі.

Ғабит пен Айбек мақтанышы халқымның,

«ҚАЗАҒЫМ» деп соғып тұрған жүрегі.


Екі елдің болсадағы бөрісі,

Екі елдің қосылмайтын өрісі.

Ғабит пен Айбек бірін-бірі аяған,

Баурмалдық, батырлық ол-өр ісі.


Екі елдің болсадағы арысы,

Екі елдің белдесетін жарысы.

Ғабит пен Айбек атақ,таққа таласпас,

Алатаудың алынбайтын барысы.


Екі елдің болсадағы қыраны,

Екі елдің мақтанатын ұланы.

Ғабит пен Айбек оғлан ұлы қазақтың,

«БІРЛІК» деп шақыратын ұраны.


Екі елдің болсадағы боздағы,

Екі елдің екі ері озбады.

Ғабит пен Айбек қос батыры қазақтың,

«Ерлік», «Елдік» намыс отын қозғады.


Екі елдің болсадағы қазанаты,

Екі елдің алыспады азаматы.

Ғабит пен Айбек секілді ұлдары бар,

Әлемге алтын әріп «ҚАЗАҚ» аты!!!


Алматы обылысы Алакөл ауданы


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар