Бүгін елордамызда Дарын мемелекеттік жастар сыйлығының марапаттау рәсімі өтті.
Шараға Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев қатысып, «қоғамдық қызмет» номинациясының лауреаттарын марапаттады.
Нұрлан Ермекбаев, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі:
«Елбасымыздың бастамасымен 1993 жылдан бастап «Дарын» мемлекеттік сыйлығы арнайы жобасы іске асырылып келеді. Бұл жоба - мемлекетіміздегі жастарға деген қамқорлығының ерекше көрінісі. Бүгінгі күнге дейін бұл сыйлыққа 200-ден аса жас азамттар ие болды. Оның ішінде өздеріңізге танымал Серік Сәпиев, Ольга Шишигина, Данияр Елеусінов сияқты батыр спортшылар, Қыдырәли Болманов, «Мұзарт», «Жігіттер» топтарының мүшелері, басқа да ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері бар».
Үміткерлер, жалпы, 10 номинация бойынша өз бақтарын сынады. Олардың ішінде «Спорт» номинациясы бойынша Рио Олимпиадасының жүлдегерлері Дмитрий Баландин мен Әділбек Ниязымбетов те бар.
1. «Әдебиет» номинациясының лауреаттары: Олжас Қасым мен Манарбек Қыдырбай
2. «Журналистика» номинацясы: Ирина Тен, Нұрсұлтан Құрманов
3. «Қоғамдық қызмет»: Кәмшат Қоскелова, Элина Паули, Олжас Сүлейменов, Жандос Табылғанов
4. «Театр мен кино»: Жасұлан Ерболат, Елдар Отарбаев, Асылхан Төлепов
5. «Эстрада»: Қайрат Нұртас, Әли Оқапов
6. «Халық шығармашылығы» номинациясы: Жандарбек Булгаков, Саджана Мурзалиева
7. «Спорт» номинациясы: Дмитрий Баландин, Әділбек Ниязымбетов
8. «Классикалық ән»: Рахат-Би Абдысагин, Мақсат Жүсіпов, Азат Мәлік
9. «Ғылым» номинациясы: Дарын Бөргеков, Мақсат Жабагин, Абылайхан Ескендіров, Артем Козловский, Акнур Тургумбаева
10. «Дизайн және бейнелеу өнері»: Әсел Кемелбаева
Марапаттау рәсімінен кейін Олжас Қасым Әдебиет порталына сұхбат берді:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» сыйлығына мен «Әдебиет» номинациясы бойынша қатыстым. Әрине, көптеген үміткерлердің ішінен осындай биік белеске жетіп, жеңімпаз атанғаныма қуаныштымын. Дарын сыйлығы - беделді де абыройлы сыйлықтардың бірі. Біздің алғы буын ағаларымыз алған, бүгінде елімізге танымал адамдардың жолын жалғастырып отырмыз. Бұл біздің мойнымызға үлкен жауапкершілік жүктеп отыр. Соны алдағы уакқытта үлкен табыстармен Әдебиетке олжа саламыз деген ойдамыз. Қанаттандырып, бізге шабыт сыйлап отыр осы «Дарын» сыйлығы».
Ақбота Күзекбай
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)
Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.