Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Он екі перне бойымен Көкке өрмелеп......

26.02.2016 3146

Он екі перне бойымен Көкке өрмелеп...

Он екі перне бойымен Көкке өрмелеп... - adebiportal.kz



10298876_648778051940057_7425440616238421099_n.jpg




Кешегі Ақан Серілердің, Мұхиттардың, Кенендердің дәстүрлі Ән Әлеміндегі Ақ Жолын абыроймен жалғастырушы біртуар әнші-композитор Тұрсынғазы Рахимовтың құрметіне орай ұйымдастырылған "Қазағым-ай!" атты 1-республикалық Ән фестивалінде оқылған өлең:



Уа, Тұрсынғазы,
Бәйтеректің - домбыраң - сүйегінен.
Айналып-ақ кетейік тиегінен!
Тірлік ету пендеше - қиын саған,
кеудеңдегі періште - жүрегіңмен!


Елге деген іңкәрлігің - тұрақты өлшем.
Қазақ үшін аулайсың, шуақ көрсең.
Он екі перне бойымен Көкке өрмелеп,
әр Әніңді әкелдің Жұмақтан сен!


Сендік шіркін-тағдырды ұға алар кім?
Мендік бұлқын-тағдырды дұғалар кім?..
Әр таң сайын Әніңді тыңдап алып,
маңыранатын секілді-ау құралай-Күн!..


Тірлік, ол да - жануар құба тарғыл...
Қайдан білсін жас ұрпақ бұла-балғын?
Жымиямын, ыңылдап Әніңді іштей, -
оңашада келсе егер жылап алғым.


Уа, Тұрсынғазы!
Күшігендене күшейсе күлкі-сүрең,
Көкірегіңнен - құмай ма, бір құс үрер!..
Әуелетші-ай!.. мына ұрғашы Әлемнің де
саулап берсін жұпар сүт үрпісінен!..



16. 02. 2016.


Тыныштықбек Әбдікәкімұлы


12733611_479698815568797_8018331618939509686_n.jpg


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар