Оралхан Бөкей. Қауіпті будан
«Әдебиет порталының» «Жансусар» бағдарламасында «OYORDA» кітап клубының мүшелері бас қосып, Оралхан Бөкейдің «Атау кере» шығармасын талдады. «Атау кере» оқырманды бір ғана оқиғамен шектемей, адам табиғаты, жалғыздық, рухани азғындау, отбасы құндылығы, табиғат пен адамның байланысы секілді күрделі мәселелер туралы ойлануға жетелейді. Бағдарлама барысында кітап клубының жастары да осы сауалдарға өз көзқарастары тұрғысынан жауап іздеді. Автор бұл шығармасы арқылы адам мен қоғамның, адам мен табиғаттың, ең бастысы адамның өз болмысымен қарым-қатынасын қалай көрсетеді деген мәселеге тоқталды. Олар Оралхан Бөкейдің шығармасын өз дәуірінің шеңберінде ғана қарастырмай, қазіргі қоғаммен байланыстыра отырып пайымдады. Кейіпкерлердің әрекетіне баға берумен қатар, олардың таңдауының себептерін түсінуге, шығармада көтерілген мәселелердің бүгінгі адамға қаншалықты жақын екенін анықтауға тырысты.
«Жансусардағы» бұл талқылау «Атау кере» шығармасын қайта оқуға ғана емес, оның астарына жаңаша үңілуге мүмкіндік береді. Себебі уақыт өткен сайын әдеби шығармаға деген оқырманның көзқарасы да өзгереді. Бір кезеңде бір қырынан қабылданған туындыны бүгінгі жас оқырман басқа қырынан тануы мүмкін. «OYORDA» кітап клубының талқылауы да осыны көрсетті.
