Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Өрелі өмір өнегесі...

19.11.2013 3692

Өрелі өмір өнегесі

Өрелі өмір өнегесі - adebiportal.kz

Өрелі өмір өнегесі.jpg

Кітапта Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың балалық шағынан бастап Ұлт Көшбасшысы болған кезіне дейінгі өмірі мен еңбек жолдары баяндалады. Оны, сондай-ақ, Елбасымыздың осы кезге дейінгі өмірі мен қызметінің ең маңызды кезеңдері ресми әрі мейлінше жүйелі де толық баяндалған туынды деп атауға болады.

Еңбек жолын қарапайым жұмысшы болып бастап, ұдайы оқып, тынбай ізденіп, өзін өзі жетілдірудің арқасында Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті жоғары мәртебелі қызмет лауазымына ие болып, бүгінде аты әлемге танымал саяси қайраткердің деңгейіне көтерілген Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ғибратты өмір жолы кім-кімді де қызықтырмай да, таңдандырмай да қоймайды. Мұның өзі әсіресе болашақ өмір жолын, еңбек жолын айқындауды ойланып жүрген жасөспірімдеріміз бен жастарымыз үшін жақсы үлгі-өнеге екені анық.

Сондықтан, Қазақ радиосы сол «Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян» деп аталатын кітаптан «Өрелі өмір өнегесі» айдары бойынша хабарлар циклын бастап, тыңдармандардың назарларына ұсына бастады. Жоба жетекшісі Махмұт Қасымбеков, ал жауапты редакторлары Махат Садық пен Серік Сейітман. Хабарлар циклы қараша айының басынан бастап, күн сайын эфирге жол тартып, бірінші желтоқсанға дейін жалғасады.

Эфирден берілетін уақыты: Қазақ радиосында 13:35-те және қайталауы 19.02-де, ал «Шалқар» ұлттық арнасында 09.30-да және 22.10-да.

 

Қайнар көз: www.baq.kz порталы


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар