Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Өзгерістерді дұрыс қабылдаған ұрпақ қана бәсекеге ...

25.04.2017 2401

Өзгерістерді дұрыс қабылдаған ұрпақ қана бәсекеге қабілетті бола алады - Данияр Елеусінов

Өзгерістерді дұрыс қабылдаған ұрпақ қана бәсекеге қабілетті бола алады - Данияр Елеусінов - adebiportal.kz

«Елімізде болып жатқан саясаттағы, білімдегі, өнердегі, тағы да басқа салалардағы өзгерістерді дұрыс түсініп, дұрыс қабылдаған біз сияқты жас ұрпақ қана бәсекеге қабілетті бола алады».

Бұл туралы «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар - рухани жаңғыру» атты мақаласына орай білдірген пікірінде айтылған.

"Сіздің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақалаңызда атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа тарап, жалғасып келе жатқан қазақ халқының рухани байлығы жайлы өте орынды айтылған. Сіздің сындарлы саясатыңыздың арқасында, ата-анамыздың, тәлім­герлеріміздің бізге берген өнеге, тәрбиесінің арқасында бүгінгі күні біз спортта биік жетістіктерге жетіп отырмыз. Бойымыздағы отансүйгіштік, халқымызға, елімізге, жерімізге деген махаббат, болашаққа деген дұрыс бағдар бізді әрқашан жеңістерге жетелеп отырады. Елімізде болып жатқан саясаттағы, білімдегі, өнердегі, тағы да басқа салалардағы өзгерістерді дұрыс түсініп, дұрыс қабылдаған біз сияқты жас ұрпақ қана бәсекеге қабілетті бола алады. Мен, Сіздің сындарлы саясатыңызды әрқашан қолдаймын!" деп жазған пікірінде.

inform.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар