Банк директорының орынбасары Йенссон сәнді лифттің есігін ашып, опа мүңкіген қымбат тонды ғажайып жаратылысты аялай демеп алға оздырды. Жұмсақ орындыққа отырған екеуі бір-біріне тығыла түсті. Ал лифт төмендеп барады. Талдырмаш әйел Йенссонға еміне ернін шүртитті. Сәл шарап исі шығады. Екеуі сүйісті. Олар осының алдында ғана отелдің ашық алаңқайында, жұлдызды аспан астында кешкі ас ішкен болатын. Енді міне, көңіл көтеруге бара жатыр.
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты
қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған
жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады.
Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)
Мақала авторының көзқарасы редакцияның
көзқарасын білдірмейді.
Бөлісу:
