Атырау облысының әкімдігі, Атырау облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен ақын, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Жылыой ауданының «Құрметті азаматы» Аманқос Ершуовтің 80 жылдығына арналған «Поэзия – пырағым, арғымағым» атты әдеби-сазды кеш өтеді.

Әдеби-сазды кеш 2 қараша күні, 17:00-де Махамбет атындағы академиялық драма театрында өтеді. Өлең сүйер, өнер сүйер қауымды осы кеште күтеміз.
Осы күні “Ақ бұлттар, қара бұлттар, ала бұлттар” республикалық эссе байқауының және “Азамат сөзі” облыстық жазба ақындар мүшайрасының жүлдегерлері марапатталады.
