Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Қадырдың құнды қазынасы Оралға көшірілді...

05.09.2014 2513

Қадырдың құнды қазынасы Оралға көшірілді

Қадырдың құнды қазынасы Оралға көшірілді - adebiportal.kz


кадир-1.jpgАқын Қадыр Мырзалиевтың отбасы мүшелерінің рұқсатымен 6767 құнды қазынасы қазіргі таңда құрылысы қызу жүріп жатқан Қадыр Мырза Әлі атындағы өнер орталығына жеткізілді. Үш қабатты ғылыми-танымдық, мәдени шығармашылық орталық Елбасының тікелей тапсырмасына сәйкес салынып отыр. Ақынның көзі тірісінде тұтынған бұйымдары мен заттары облыс орталығындағы құрылысы аяқталуға жақын Қадыр Мырза Әлі атындағы шығармашылық орталыққа тапсырылмақ. 
Аталған шығармашылық орталықтың республикада баламасы жоқ десе де болады. Бұл айрықша сәулет өнері туындысының сыртқы құрылысы мен ішкі интерьерін Қадыр Мырза Әлінің туғанына 80 жыл толатын күнге дейін аяқтау көзделген. Ол алдағы 2015 жылдың қаңтарына сәйкес келеді. 
Қаламгердің Алматыдағы үйінде 7 мыңнан астам энциклопедия, анықтамалық, көркем әдебиет, әлем әдебиеті, аудармалар, автобиографиялық еңбектер сақталған екен. Облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқар­масының басшысы Дәулеткерей Құсайыновтың сөзіне сүйенсек, ТМД елдерінде баламасы жоқ бұл ғимарат таяу уақытта салынып бітеді. Жоспар бойынша жаңа жылға дейін пайдалануға берілуі тиіс. Мұнда 1000 орындық амфитеатр, Қазақстан Жазушылар, Суретшілер одағы филиалдарының жұмыс бөлмелері, Ақ Жайық өңірінде туған ақын-жазушылардың мұражайы, мәжіліс залы және тағы басқа да заманауи орындар халыққа қызмет етеді.

adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар