Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Қаламгер - қайраткер
Қайран, біздің Антон Павлович...

24.05.2023 1996

Қайран, біздің Антон Павлович 14+

Қайран, біздің Антон Павлович - adebiportal.kz

Небары қырық төрт жыл өмір сүрген, оның жартысын туберкулезбен алысып өткерген Чехов не тындырды?

— Әлем әлі күнге сүйсініп оқитын бес жүзден аса шығарма жазды;

— Туған жері Таганрогта кітапхана ашып, өзінің екі мың кітабын сыйлады;

— Мелиховте тұрған жылдары науқас шаруаларды тегін емдеп, әрқайсысын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етті;

— Ел ішін тырысқақ жайлаған жылдары жалғыз өзі жиырма бес деревняның арасында жүгіріп жүріп дәрігерлік қызмет атқарды – көмекші де, демалыс та жоқ еді;

— Төрт мектеп, қоңырау мұнарасы, өрт сөндірушілер сарайы мен жол салды.

«Мәңгілікке бет алған уақыт із-түссіз кетпеу үшін әрқайсымыздың артымызда мектеп, құдық секілді бірдеңелер қалғаны жақсы», - депті ғой жарықтық Антон Павлович.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар