Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК
«Қаратаудың басынан көш келеді» атты семинар өтті....

08.06.2023 1351

«Қаратаудың басынан көш келеді» атты семинар өтті. 14+

«Қаратаудың басынан көш келеді» атты семинар өтті. - adebiportal.kz

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы «СИРЕК КІТАПТАР ҚОРЫ» мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жанындағы «ОТЫРАР КІТАПХАНАСЫ» ғылыми орталығының «Сирек кітаптары қорының» бірлесуімен Қазақ халқының ең ауыр трагедиясы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғасына 300 жыл толуына орай ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының Конференция залында «Қаратаудың басынан көш келеді» атты семинар өтті. 

Мақсаты – қазақ тарихындағы  трагедиялық тарихи тізбек «Ақтабан шұбырындының» халыққа орасан зор қайғы әкелгенін ұрпаққа ұғындыру, тарихтан тағылым алып, бағдарлы болашақты көздеу. 

Семинарға тарихшы ғалымдар Тұрсынхан Зәкенұлы, Марат Мажит, Сырым Серікқазыұлы, Ғалия Досмұхамедова, Бауыржан Мұстафаев, Шыңғыс Бегімтай, ақын Несіпбек Айтұлы, Камал Әбдірахманов, Жанат Әскербекқызы және т.б. Тарихи ғылыми-зерттеу иснтитуттардың ғылыми қызметкерлері мен зиялы қауым өкілдері, мұғалімдер мен оқушылар қатысты. 

Модераторы – жазушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсын Жұртбай. 

1723 жылдың көктемінде қалмақтар қазақ жеріне шабуылдап, тарихта «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» қасіреті аталған оқиға өріс алады. Қазақтар Арқа жерінен ауып, Сырдың бойын сағалайды. Қырылған есепсіз мал-жан, тұтқынға түскендер, жұт пен жаугершілік, екі арадағы аяусыз атыс-шабыстың аяғы кейін қазақтардың жеңісімен аяқталады. Қытай мен Ресей ортасында қалған елге тағдыр Абылайхан тәрізді тұлғаны сыйлайды. Кейінгі батырлардың тарих көшіне тіркелетіні де – осы дәуір. 

Әйгілі «Елім-ай» әні сол бір қасіретті күндердің куәсі іспетті бүгінге жетті. «Ақтабан» апатынан кейін Қазақстанның қазіргі территориясы нақтыланып, қоныстанудың жаңа үлгісі қалыптасты. 


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар