Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Қарғыбаулы қасқыр» хикаялар жинағының әдеби таныс...

30.11.2023 783

«Қарғыбаулы қасқыр» хикаялар жинағының әдеби таныстырылымы өтеді 14+

«Қарғыбаулы қасқыр» хикаялар жинағының әдеби таныстырылымы өтеді - adebiportal.kz

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында 2023 жылдың 2 желтоқсаны күні, сағат 15.00-де ақын, жазушы Ұларбек Дәлейұлының «Қарғыбаулы қасқыр» атты хикаялар жинағының әдеби таныстырылымы өтеді. 

Кітап жуырда «Отбасы хрестоматиясы» баспасынан жарық көрген. 

«Қарғыбаулы қасқыр» кітабының негізгі өзегі – көшпенділер рухы мен тарихи шайқастар. Тамыры – ұлы Ғұн мен көк Түріктер дәуірінен бастау алатын жауынгерлік хикаялар. Алтай бетін жайлаған қазақтардың атамекені үшін өткерген қиян-кескі соғысы, оған бас болған қазақ мергендерінің ерлігі деректер негізінде өрнекті тілмен баяндалады. 

Негізгі тамыры көшпенді жұрттың ерлік даңқынан қуаттанған ерекше жазу стилі оқырман жүрегіне жігер мен намыс отын құяды. Сонымен қатар, арасын шекара торы бөліп жатқан сонау Алтайда өткен балалық шақ, ауыл тіршілігін айта отырып, бүгінгі күні көзден таса бола бастаған ұлттық құндылықтар негізін тілге тиек етеді. Кітаптың өнбойынан жалаң қолмен жауға шабар асқақ рух, қазақтың еңсесін көтерер ерен өрлік есіп тұр, туған мекенге, Атажұрт – Алтайға  деген сарытап сағыныш аңқып тұр. 

Осы уақытқа дейін Ұларбек Дәлейұлының «Қанымдағы қасқыр иісі», «Күз жауған соқпақ» жыр жинағы мен «Хат бармайтын қыстақ» атты әңгімелер жинағы жарық көрген еді. 

Жаңа кітаптың таныстырылымына зиялы қауым өкілдері, елімізге белгілі ақын, жазушылар, әдебиетсүйер қауым, БАҚ өкілдері, журналистер, оқырмандар қатысады деп күтілуде. 


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар