Біздің жас кезімізде «Лениншіл жас» газетіне өлеңіміз шықса, таңертен ұйқыдан белгілі адам болып оянатын едік. Біздің сүйегімізге баспасөз бетіне шығудың қадірі әбден өтіп кеткен. Сол себепті не жазсақ та, абайлап, кейінгі буын «қалай қарайды» екен деп елеңдеп тұрамыз. Осы орайда атқан оқтай, шапқан аттай жүйріктік танытып, жас қаламгерлердің танылуына үлкен мүмкіндік жасап отырған «Әдебиет порталына» толағай табыстар тілеймін! Бұл порталдан кейінгі әдебиетшілердің аяқ алысы мен көзқарастарын үнемі оқып отырамын. Таңертең ұйқыдан бүгін «Әдебиет порталы» не айтады екен деп оянатын болдық. «Әдебиет порталының» мерейлі мерейтойы құтты болсын!
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)
Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.