Мақсат Сқақов, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің төрағасы:
Жобаның негізгі мақсаты - ақпараттық кеңістікте мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, жастарды әсіресе мектеп оқушыларын интернет көздері арқылы қазақ және әлем әдебиеті өкілдері шығармаларының аудионұсқасын өз бетінше іздеп, қызыға оқуға дағдаландыру болып табылады. Аудиохрестоматия мектеп жасындағы балаларға, ата-аналарға сондай-ақ қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдеріне, жалпы көпшілік қауымға арналған. Жоба Тіл комитетінің til.gov.kz сайтында орналастырылатын болады.
Қайнар көз: baq.kz порталы
