Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ҰМЫТПАҢДАР МЕНІ
Қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақ...

23.09.2024 2055

Қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл 14+

Қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл - adebiportal.kz

Биыл ЮНЕСКО Бас конференциясының 42-ші сессиясында ЮНЕСКО-ның атаулы күндері тізбесіне енген, қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл. Осы айтулы іс-шара Алматы облысы, Райымбек ауданы, Нарынқол ауылында көрінекті қаламгердің 100 жылдық мерейтойына арналған ескерткіштің салтанатты ашылу рәсімнен басталды. Бұл іс-шараға Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев қатысып ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқыды. «...Бердібек Соқпақбаев қазақ әдебиетінде ешкімге ұқсамайтын қайталанбас қолтаңбасын қалдырды. Ардақты азаматтың есімін ұлықтап, еңбегін ел жадында жаңғырту – бәрімізге ортақ парыз. Осы орайда, жазушының 100 жылдығы ЮНЕСКО-ның атаулы күндері тізбесіне енгізілуі және туған жерінде сәулетті ескерткішінің бой көтеруі – әйгілі сөз зергеріне деген қадір-құрметтің белгісі. Қаламгердің өзіне ғана емес, оның кейіпкеріне ескерткіш орнату – өте сирек кездесетін оқиға. Астана төрінде тұрған Қожаның мүсіні Соқпақбаев шығармашылығының ұлт руханиятында ерекше орын алатынын көрсетеді», - делінген Президенттің құттықтау хатында. 

Классик жазушының ескерткішінің ашылу салтанатынан кейінгі мереке жоспары түрлі мәдени әм спорттық шараларға ұласты. 

«Әдебиет» порталы айтулы шарадан түсірілген сол суреттерді өз назарларыңызға ұсынып отыр.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар