Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Qazaq Book Fair» кітап көрме-жәрмеңкесіне шақырад...

13.05.2024 1502

«Qazaq Book Fair» кітап көрме-жәрмеңкесіне шақырады 12+

«Qazaq Book Fair» кітап көрме-жәрмеңкесіне шақырады - adebiportal.kz

2024 жылдың 15-17 мамыры аралығында Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «Qazaq Book Fair» кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді. Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы және «Фолиант» баспасы.              

«Фолиант» – баспа индустриясында 1996 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан көпсалалы қазақстандық баспа. Баспа жыл сайын жүздеген әлемдік үздік туындыларды қазақ тіліне аударып, басып шығарады. «Фолиант» ассортиментінде қазақ әдебиетінің жауһарлары, әлемдік классика, ғылыми-танымдық еңбектердің сан мың түрі бар.  «Qazaq Book Fair» кітап көрме-жәрмеңкесіне «Фолиант» баспасы, «Qasym баспа үйі» және «Книжный клуб» баспасы қатысады.

Халық арасында кітап оқуды насихаттау ісінде көрменің маңызы зор. Баспа саласы дамыған, кітапты сүйіп оқитын әр елде кітап көрмесі жиі өткізіледі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты 3-ші отырысында: «Кітапқұмарлық – жақсы қасиет. Шын мәнінде, озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы – кітап оқу. ...Сондықтан кітап оқу мәдениетін қоғамда барынша орнықтыруымыз керек», – деп атап өткендей, бұл көрменің мақсаты – балалар мен жасөспірімдерді кітап оқуға баулу, кітап оқуды насихаттау және жастардың кітап оқу мәдениетін қалыптастыру.   

«Qazaq Book Fair» кітап көрме-жәрмеңкесі үш күндік мәдени-іскерлік бағдарламадан тұрады. Көрме аясында жаңа кітаптардың тұсаукесерлері, авторлармен кездесу, автограф-сессиялар, балалар алаңында арнайы шеберлік сағаттары өткізіледі. Атап айтқанда: «Фолиант» баспасынан жарық көрген Ұларбек Дәлейұлының «Жошы хан» атты тарихи романының, Қанағат Әбілқайырдың «Періштелер жоқ жерде» кітабының, Болат Бопайұлының «Қазақ қазынасы» кітабының, Кеңес Оразбекұлының «Тұран баһадүрлері немесе Ер, Би, Нардың ерлік жорықтары» кітабының, Әлішер Рахаттың «Махаббатым – Constant. Параллель» романының, «Книжный клуб» баспасынан жарық көрген жазушы Юрий Серебрянскийдің «Черная звезда» кітабының, Данияр Қуантқановтың «Марьям» кітабының тұсау кесерлерін өткізу жоспарланып отыр. 

Бағдарлама

1

«Qazaq Book Fair» кітап көрме- жәрмеңкесінің ашылу салтанаты

15 мамыр

11:00

2

«Фолиант» баспасынан жарық көрген Ұларбек Дәлейұлының «Жошы хан» атты тарихи романының таныстырылымы

15 мамыр

12:00 

3

Белгілі жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлібек Асқаровпен кездесу

15 мамыр

14:00 

4

Орыс жазушысы «Зүлейханның оянуы», «Самарқанға бағыт алған эшелон» шығармаларының авторы Гүзел Яхинамен кездесу

15 мамыр

17:00 

5

Белгілі жазушы Болат Бопайұлының «Қазақ қазынасы» кітабының таныстырылымы

16 мамыр

12:00 

6

«Книжный клуб» баспасынан жарық көрген Юрий Серебрянскийдің «Черная звезда» кітабының таныстырылымы

16 мамыр

15:00 

7

Қанағат Әбілқайырдың «Періштелер жоқ жерде» кітабының таныстырылымы

16 мамыр

17:00 

8

Жас қаламгер Әлішер Рахаттың «Махаббатым – Constant. Параллель» романының таныстырылымы

16 мамыр

18:00 

9

Кеңес Оразбекұлының «Тұран баһадүрлері немесе Ер, Би, Нардың ерлік жорықтары» кітабының таныстырылымы

17 мамыр

12:00 

10

Данияр Қуантқановтың «Марьям» кітабының таныстырылымы

17 мамыр

12:00 

Сондай-ақ, жәрмеңкеде Әлібек Асқар, Гүзел Яхина сияқты танымал жазушылармен кездесу, авторлардан қолтаңба алу сессиясы ұйымдастырылып, кітаптар сатып алуға ұсынылады.        

ҚР Ұлттық кітапханасы Абай д-лы, 14

тел.: 2672864

e-mail: ulttykkitapkhana@mail.ru

 http://www.nlrk.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар