Саналы ғұмырын «Театр» атты ұғымның қанат қағуына арнаған, Өнер, Мәдениет, Әдебиет әлеміне де проблемалық мақалалар арнаған, Халықтың ұлы, өнердің жанашыры Әшірбек Сығайдың рухына арналған «Ес-аймақ» шығармашылық бірлестігінің ұйымдастыруымен«Сыннан сыр түйген шебер» атты еске алу кеші өтті.
Белгілі мәдениеттанушы, профессор, театр сыншысы, мемлекет қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Әшірбек Сығай 68 жасқа қараған шағында дүниеден озған болатын. «Жазса шебер, сөйлесе шешендігімен ел есінде қалған Әшірбек Төребайұлы соңғы жылдары жүрек дертімен науқастанып жүрген болатын. Театр сыншысы соңғы жылдары Астанадағы Қазақ ұлттық Өнер университетінде қызмет етті.
Көңілді дархан жүретін елгезек, жүрегіне салмақ салмайтын, қоғамшыл, өмірсүйгіш жан болатын. . Қазақтың 58 театрының бәрін бірдей соның бәрін театр тарихына қалдыру, солар туралы кітап жазу екінің бірінің қолынан келмейді. Ол сонау 16 жылғы Ойқұдықтан бастап күні бүгінге дейінгі театр әлемін зерттеп 15 кітап жазған адам. Оның бәрі қазақтың өнер мұрасына қосылған қомақты үлес. Ол қазақ мәдениетінің жанашары, театр білгірі, Қазақ елі дәріптейтін, замандасы құрметтейтін жақсы адам. Қарғадайынан осы «өнер ауруымен» ауырған адам сол ауруымен кетті. Еске алу кеші Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің Жамбыл Жабаев залында өтті. Белгілі театр сыншысын еске алу кешіне зиялы қауым өкілдері, қаламгердің замандас достары, шәкірттері мен отбасы қатысты.
Шәкірттері сын сардарын жоқтатпайтынын, ізін басар жалғасы екенін дәлелдеді. Арнау өлеңдер оқылды, естеліктер айтылды. «Менің тарланым, менің бауырым нағыз жігіттің төресі еді. Оның қазасын санам мойындаса да жүрегім ешқашан қабылдамайды», дейді жазушы Әкім Тарази. Кеш аясында Әшірбек Сығай туралы режиссер Қалила Омаровтың «Сын сардары» атты деректі фильмі көрсетілді. Қазақ театр өнерінің, драматургияның дамуына өлшеусіз үлес қосқан тұлғаның жарқын бейнесі ел есінде мәңгі қалары сөзсіз.
adebiportal.kz
Материалды көшіріп жариялау үшін
редакцияның
немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме
берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас
құқықтар
туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)
Мақала авторының көзқарасы редакцияның
көзқарасын білдірмейді.