Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Қазақ мәдениетін әлемге паш еткен жазушы...

24.11.2017 5110

Қазақ мәдениетін әлемге паш еткен жазушы

Қазақ мәдениетін әлемге паш еткен жазушы - adebiportal.kz

Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлесімен мақтанады. Өзінің ұлттық мәдениеті арқылы ғана басқаға танылады»,- деп атап өткен болатын. Осы мақсатта, Арыс қаласында Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жазушы-драматург ағалық ардақты асудан асып, ақсақалдық мерейлі кезеңге шыққан Дулат Исабековтың - 75 жасқа толу мерейтойына орай салтанатты шара өтті. Себебі, әйгілі жазушы осы қалада дүниеге келген болатын. Жергілікті азаматтар туған жерінің асыл түлегін ардақтап, оның мерейін тасытты. Салтанатты шараға қала әкімі М.Қадырбек, қалалық мәслихат хатшысы А.Байтанаев, қала әкімінің орынбасарлары, мекеме және бөлім басшылары мен қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері және жастар қатысты.

Іс-шара барысында қазақ әдебиетінің классигі Д.Исабековтың шығармаларынан үзінділер оқылып, театрландырылған көріністер қойылды. Салтанатты кеште сөз алған қала әкімі М.Қадырбек:

– Жүрегіңізден жарып шығып, сүйікті оқырмандарыңызға жол тартқан алғашқы «Жолда», «Замандастар» атты әңгімеңіз, «Қара шаңырақ», «Бонапарттың үйленуі», «Әпке», «Екі жиырма», «Мұрагерлер» сынды повестеріңізбен қатар «Қарғын» романыңыз қазақ ұлтын әлемге танытты. Жекелеген туындыларыңыз бойынша «Гауһар тас», «Дермене», «Тауқымет» атты көркем фильмдер түсіріліп, қазақ киносының «Алтын қорына» енді. Бір топ шығармаларыңыз «Гауһар тас» деген атпен ағылшын тілінде, жекелеген туындыларыңыз орыс, венгр, неміс, поляк, чех тілдерінде жарық көріп, сүйікті оқырмандарыңыздың жүрегінен орын алды, - деп айта келіп, Елбасының Мәңгілік Ел идеясын нақты жүзеге асырып, Қазақстанның абыройын әлем елдері алдында насихаттап, абыройын асқақтатып жүргенін хабарлады. Расында әдебиет саласында қазіргі таңда қазақ халқының ділі мен мәдениетін өзге ұлттарға, өзге мемлекеттерге таныстырып жүрген жазушы бірен-саран болса, соның бірегейі – Дулат Исабеков болып табылады.

Бүгінде ізгілікке толы шығармашылығыңыз жастарымызды рухани кемелдікке жетелесе, өнерге деген құштарлығыңызбен сомдаған бейнелеріңіз көптің көз қуанышына айналды», - деп ыстық лебізін білдіріп, қазақы дәстүрге сай иығына шапан жауып, сый-сыяпат жасады.

Кеш соңы қалалық мәдениет үйі өнерпаздарының ұйымдастырған концерттік бағдарламасына ұласты.

Әбу-Асқар Мекешұлы


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар