Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Қазақ өлеңінің қара нары Несағаң өмірден өтті...

16.10.2023 1274

Қазақ өлеңінің қара нары Несағаң өмірден өтті 12+

Қазақ өлеңінің қара нары Несағаң өмірден өтті - adebiportal.kz

Бүгін қазақтың рухани әлемі қара жамылған күн. Қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, қарымды қаламгер, ақын Несіпбек Айтұлы 73 жасында ұзақ науқастан соң пәниден бақиға озды. Ақынның жанашыр жақындары мен отбасына, қалың оқырманына, қаламдастарына  көңіл айтамыз.

Ақын Несіпбек Айтұлы 1950 жылғы 22 қыркүйекте Шығыс Түркістанның Тарбағатай аймағында дүниеге келген. 1974 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын Семей (қазіргі Абай) облысы, Шұбартау аудандық «Жаңа өмір» газетінде бастайды. 

1974-1984 жылдары «Балдырған» журналының поэзия бөлімінің меңгерушісі, «Жалын» баспасында редактор, 1984-1994 жылдары Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші, 1995-1996 жылдары «Ақын» қауымдастығының директоры, 1997-2001 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде сын бөлімінде, «Жұлдыз» журналы поэзия бөлімінде меңгерушісі болып жұмыс істеген. 2001 жылы Астана қаласына қоныс аударып, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, Президенттік Мәдениет орталығында қызмет етті.

Соңғы жұмыс орны – Астана қаласындағы С.Сейфуллин атындағы мұражай директоры.
ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері (2012ж), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2011), «Парасат» орденінің иегері (2004). 
Қаламынан туған қуатты жырлары, мөлдір лирикалық өлеңдеріне жазылған ғажап әндер  рухани игілік ретінде халқымыздың жадында жаңғырып мәңгілік жасай бермек.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар