Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Қазақ тілінің ғаламтордағы жаңа кеңістігі...

02.09.2016 2891

Қазақ тілінің ғаламтордағы жаңа кеңістігі

Қазақ тілінің ғаламтордағы жаңа кеңістігі - adebiportal.kz


Астанадағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының «Конституция» залында 5 қыркүйек күні Қазақстан халқы тілдерінің ХVІІІ республикалық фестивалі аясында Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырмасы бойынша әзірленген «Tilalemi.kz» порталының, «Atau.kz», «Emle.kz», «Termincom.kz» сайттарының тұсаукесері өтеді.




Мемлекеттік тілдің қолданыс аясының кеңеюіне, мәртебесінің көтерілуіне, тіл үйретудегі тиімді әдістердің бірігіп, игілікті жұмсалуына, әрбір оқырманның, қолданушының жеке парақшасы арқылы оңтайлы жұмыс жасауына жол ашуды мақсат еткен портал мен сайттар ғаламтордағы қазақ кеңістігінің құнды мұрасы болады деп күтілуде.


Тұсаукесерде тәуелсіздік мұраттарына сай атқарылып отырған ауқымды істің қолданылу тетігі туралы жан-жақты түсіндіріліп, жұртшылықтың тіл мәдениетін көтеру, қазақ ономастикасын біріздендіру, терминжасамдағы өзекті мәселелер төңірегінде ой өрбиді.


Мемлекеттік тілді насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отырған тұсаукесерге зиялы қауым өкілдері, тіл жанашырлары, тілші ғалымдар, сала мамандары, бұқаралық ақпарат құралдарынның өкілдері қатысады. Басталуы күндізгі сағат 11:30-да.


Байланыс телефондары: 8 (7172) 40-83-93, 8775 541 09 89


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар