Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі «Қазконтент» АҚ «Әдебиет порталы» интернет жобасында онлайн түрде Ақмола облысының білім басқармасы жанындағы «Көкшетау қаласы, (қазақ тілінде оқытылатын) Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледжінің ұйымдастыруымен «Қазақ хандығы - 550: Мәңгілік ел - тағдырым» атты жазба ақындардың республикалық онлайн-мүшәйрасы өткізіледі.
Мүшәйраның мақсаты:
– Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеудің мәні мен бүгінгі таңдағы тарихи маңызын ашу;
– Тоныкөк абыз тасқа қашап, Асанқайғы армандаған, кешегі Алаш қайраткерлерлі өсиет еткен, бүгінгі қазақ ұрпағы жүзеге асыруға серт беріп, бел буған «Мәңгілік ел» мұратын жас ұрпаққа насихаттау;
– «Мәңгілік ел» рухы жолында қасық қаны қалғанша шайқасып, атамекеннің сынық сүйем жерін дұшпанға бастырмай кеудесімен қорғаған батыр бабаларымыз Қабанбай, Бөгенбай, Батыр Баян, қаһарман хандарымыз Қасым хан, Хақназар, Тәуекел, Есім хан, Әз-Тәуке, Абылай хан мен Кенесарының ерлік істерін және елдің бірлігін даналығымен ұйытқан би-шешендеріміз Бұқар жырау, Нысанбай жырау, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің отансүйгіш өнегесін жастарға үлгі ету;
– Қазақ халқының әрдайым татулық пен ынтымақты үлгі еткен дархан мінезін, ауызбіршілік пен адалдықты, еңбекқұмарлық пен ақыл-ойды қасиеттеген ізгілікті салт-дәстүрін жыр тілімен кестелеу;
– Жас буынды ұлттық мәдени құндылықтар рухына, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу;
– Жастардың патриоттық рухын ояту,бірлік пен ынтымақты сақтау;
– Жастарымызға ұлы бабаларымыздың асқақ арманы - тәуелсіздік, ел мен жерді қорғау екенін ұғындыру;
– Қазақстан мен қазақ халқын, оның мәдениеті мен салтын насихаттау:
–Бүгінгі жастарды әлемдік деңгейде сапалы білім алуға, сапалы интелллектуалдық кеңістікті меңгеруге шақыру.
Мүшәйраның шарттары:
• Ақындар байқауына төмендегі тақырыптар бойынша екі өлең қабылданады:
– Қазақ хандығының 550 жылдығы мен «Мәңгілік ел» идеясы тақырыбында жазылған 1 өлең;
– Еркін тақырыпта 1 өлең;
• Мүшәйраға қатысушы әрбір үміткер «Әдебиет порталына» тіркелуі қажет;
• Қатысушы әрбір талапкер қосымша берілген
анкетаны толтыруы керек;
• Мүшәйраға жас мөлшері 15-35 жас аралығындағы талапкерлер қатыса алады.
• Қазақ хандығы, «Мәңгілік ел» тақырыбында жазылған өлеңдер қабылданады.
• Бұрын баспа бетінде жарияланған шығармалар қабылданбайды.
• Ұсынылған өлеңдер компьютер арқылы теріліп, Microsoft Word файлды форматы түрінде (шрифт 14 кегліде), жол арасы 1,5 (интервал), Times New Roman қарпі) қабылданады.
• Барлық байқауға ұсынылатын өлеңдер adebiportal@gmail.com электронды мекен-жайы арқылы қабылданады.
Ұсынылған жұмыстарды бағалау кезінде:
– Қатысушы үміткерлер ұсынған өлеңдер «Әдебиет порталында» онлайн түрінде жарияланады;
– Әрбір өлең оқырмандардың дауыс беруі арқылы онлайн түрінде бағаланады;
– Жеңімпаздарды анықтау кезінде арнайы құрылған қазылар алқасының талқылауы мен бағалауы ескеріледі.
Жүлде қоры:
Бас жүлде – 200 000 тг.
І орын – 150 000 тг.
ІІ орын (екеу) – 80 000тг.
ІІІ орын (үшеу) – 40 000тг.
Ескерту: Мүшәйра жеңімпаздары тәуелсіздікпен тұғырлас Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледжінің 2015 жылғы 18 қыркүйекте Көкшетау қаласында өтетін 25 жылдық мерейтойына арналған салтанатқа шақырылады. Жеңімпаздардың жол шығыны мен қонақ үйде орналасуын оқу орны өз міндетіне алады.
Құжаттарды қабылдау уақыты:
Құжаттар 2015 жылдың тамыз айының 15-не дейін төменде көрсетілген мекен-жай бойынша қабылданады:
Қазақстан Республикасы, Астана қ., Орынбор көшесі, 8 «Министрліктер үйі», 3 кіреберіс.
Тел/факс: +7 (7172) 79 82 12 (ішкі 150)
Эл. пошта: adebiportal@gmail.com
adebiportal.kz
Материалды көшіріп жариялау үшін
редакцияның
немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме
берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас
құқықтар
туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)
Мақала авторының көзқарасы редакцияның
көзқарасын білдірмейді.