Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Қазақ хандығынан – Мәңгілік елге» тақырыбымен кіт...

11.09.2015 3890

«Қазақ хандығынан – Мәңгілік елге» тақырыбымен кітап көрмесі ашылды

«Қазақ хандығынан – Мәңгілік елге» тақырыбымен кітап көрмесі ашылды  - adebiportal.kz

 

  

Бүгін Астанада ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Мәңгілік Ел» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының «Ұлы даланың өшпес тарихы» тақырыбындағы секция жұмысы басталады. Конференция аясында «Қазақ хандығынан – Мәңгілік елге» тақырыбымен кітап көрмесі ашылды.



IMG_5426.JPG



Іс-шараларды ұйымдастырушы – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі. Серіктестер – Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Мемлекеттік кітап палатасы, Қазақстан Республикасының баспагерлер, полиграфистер және кітап таратушылар қауымдастығы мен Қазақ ғылыми-зерттеу Мәдениет институты.  

«Қазақ хандығынан – мәңгілік елге» тақырыбындағы кітап көрмесінде Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Мемлекеттік кітап палатасының және еліміздегі жетекші баспалардың қорынан жеткізілген 600-ден аса кітап ұсынылды.



_DSC0141.JPG



Көрме барысында «Казахи» (авторы – Марта Брилл Олкотт, АҚШ); «Мирза Хайдар Дуглат в персидских источниках» (авторлары – профессор А.Дербісәлі, Казахстан және профессор М. Хайдар, Үндістан); «Елбасы және Қазақ мемлекеттігі»  (авторы –ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қ. Сұлтанов), «Венецианская рукопись «Соdex Cumanicus» и ее  новое прочтение» (фил. ғыл. докторы, профессор А.Н. Гаркавец (Қазақстан), «Эпистолярное наследие казахской правящей элиты 1675-1821 гг. Сборник исторических документов в двух томах» (т.ғ.к. Ирофеева И.В.) кітаптарының тұсаукесері өтті.



IMG_5430.JPG


 

– Кітап көрмесіне еліміздің 16 баспа қатысып отыр. Қазақстанның тарихы мен мәдениеті туралы жазылған кітаптарды халыққа ұсынып отырмыз. Биыл Қазақстанда қазақ хандығы туралы 130 кітап шықты. Соның ішінде белгілі қаламгер Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы үш тілде 36 мың данамен жарық көрді. Біздің мақсатымыз – қазақ елінің тарихын басқа да елдерге кеңінен насихаттап, таныстыру. Мысалы, «Мирза Хайдар Дуглат в персидских источниках»  кітабы үш тілге аударылды. Авторлары – профессор Әбсаттар Дербісәлі, және профессор М. Хайдар, Үндістан елінің өкілі. Тұсаукесерге ұсынған кітаптар тек қазақ ғалымдарының еңбектері емес, сондай-ақ, алыс-жақын шетелдерден келген қаламгерлердің де еңбектері қойылған. Біз өзімізді өзіміз мақтай береміз. Керісінше, басқалар бізбен мақтанатындай жағдайға жетуіміз керек. Сонда ғана біздің әдебиетіміз де, мәдениетіміз де әлемге танылуға үлкен мүмкіндіктер алады, – дейді Кітап палатасының Бас директоры Жанат Сейдуманов.


_DSC0128.JPG


Кітап көрмесі бүгін конференция жұмысына жалғасады. Конференцияға Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Жауапты хатшысы Қ. С. Уәлиев, белгілі ғалымдар, әлемнің 18 елі стран мира (АҚШ, Канада, Қытай, Ресей, Үндістан, Египет, Италия, Франция, т.б.) мен Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысады деп күтілуде.



adebiportal.kz



Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар