Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Қазақстан» кітабының тұсауы кесілмек...

06.12.2013 3141

«Қазақстан» кітабының тұсауы кесілмек

«Қазақстан» кітабының тұсауы кесілмек - adebiportal.kz

Қазақстан кітабы.jpgБұл кітап - қазақтың тұңғыш мерзімді басылымдарының бірі, 1911-1913 жылдары жарық көрген «Қазақстан» газеті туралы. «Қазақстан» газеті - тарихта «Қазақстан» атауын тұңғыш қолданып, айналысқа енгізуімен де ерекше есте қалады. Бұған дейін барлық ресми құжатта қазақ атауы «киргиз», «киргиз-кайсаки» деп бұрмаланып келсе, газет шығарушылары «Қазақ» атын ұлттың ғана емес, мемлекеттің атауы етіп көтере білді. Арада дәл 80 жыл уақыт өткенде - 1991 жылдың 16 желтоқсанында «Қазақстан Республикасы» аталатын тәуелсіз мемлекет пайда болды.
«Қазақстан» газетінің ресми редакторы - Елеусін Бұйрин. Ал газетті ұйымдастыруға, шығаруға Шәңгерей Бөкеев, Ғұмар Қараш, Бақытжан Қаратаев, Ғабдолғазиз Мұсағалиев, Сәлімгерей Нұралыханов, Мұстафа Көкебаев, Батырхайыр Ниязов, Бақтыгерей Құлманов, Мағжан Жұмабаев, Ахмет Мәметов, Ғұбайдолла Бердиев т.б. көп үлес қосқан. Жетісудан Сейітбаттал қажы Маманов, Құдайберген Тұрысбеков, Ишанғұл қажы Маманов, Ғайдмахмұт Тұрысбековтер қаржылай көмектескен. Бакуден әзірбайжан меценаты Зейнелғабиден Тағиев 1000 сом жәрдем берген. 
«Қазақстан» газетінде мақалалар негізінен қазақ тілінде болған, қосымша орыс, татар тілдерінде мақалалар жарияланған. «Қазақстан» газеті сол кезеңдегі өте прогрессивті идеяларды көтерген, халыққа өнер-білім жолын ұсынған, отырықшылыққа шақырған, нақты кәсіби кеңес берген озық ойлы басылым болды. Газет мақалаларында көтерілген мәселелердің арада бір ғасыр өткенде де өте өзекті екендігі анық көрінеді.
2012 жылы тұңғыш рет «Қазақстан» газетінің орыс мұрағаттарындағы барлық саны Қазақстанға әкелінді. Араб әрпіндегі мақалалар кириллицаға түгел аударылып, түпнұсқамен бірге кітап болып жарық көрді. Бұл жинақта «Қазақстан» газеті және оны шығарушылар туралы деректер топтастырылған.
 


Айбек РАХИМОВ


Қайнар көз: baq.kz порталы


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар