Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай «...

03.02.2015 3816

Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай «Қазақстан» РТРК алғаш рет Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» повесінің радионұсқасын ұсынады

Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай «Қазақстан» РТРК алғаш рет Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» повесінің радионұсқасын ұсынады - adebiportal.kz

~7517217.jpg«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясына қарасты «Қазақ радиосы» Қазақстан Халқы Ассамблеясы жылы аясында Кеңес одағының батыры, қазақтың қаһарман ұлы, жазушы Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» туындысының  радионұсқасын дайындап, жұртшылыққа алғаш рет эфир арқылы ұсынып отыр, деп хабарлады «Қазақстан» РТРК Баспасөз қызметі.

«Ұшқан ұя» повесінің ерекшелігі сол - бүгінгі біз іздеп жүрген ұлттық идея, біз жоғалтып жүрген ұлттық болмыс, тірлігімізден біртіндеп ысырылып, өңі айналып бара жатқан ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарымыз, әр кейіпкердің мінезі, сөзі, қимыл-әрекеті арқылы жанды көріністей көз алдыңа келеді. Сол қазақы мінез, әдет-ғұрыптар  ұлтына, жасына, дініне қарамастан  Қазақстанның әрбір тұрғынын қызықтырып, халқымызға деген құрметін арттырып, бауырмалдық пен  туыстыққа, сыйластыққа шақырады.

Кешегі тағдырдың талай сынағына мойымай, бар асыл қасиетті немерелерінің бойына үйіп төккен асыл аналар, қариялардың қатал қабағынан ығып, үлкеннің алдын кесе өтпей,   ізет көрсеткен кішілердің үлгі-өнегесі, үлкендік жолын қадір-қасиетімен мойындатқан алдыңғы буынның ақыл-нақыл, тәлім-тәрбиесі бүгінгі ұрпақ үшін баға жетпес тағылым, тәрбиенің көзі деуге болады.

Қаңтар айының 28-інен бастап эфирге жол тартқан бұл бірегей жоба 37 бөлімнен, әр бөлімі 10-15 минуттан тұрады. Сондай-ақ, Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» повесінің орыс тіліндегі «Наша семья» атты нұсқасы да көп ұзамай Қазақ радиосы арқылы эфирге шығатынын хабарлаймыз.

Сонымен, әр аптаның сәрсенбі, бейсенбі күндері 19 сағат 10 минутта «Қазақ радиосының» эфирінен қазақтың қаһарман ұлы, жазушы Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» повесінің радионұсқасын тыңдауға шақырамыз.

Жобаның жетекшісі – Махат Садық. Мәтінін оқыған диктор – Аманжан Еңсебайұлы. Музыкамен көркемдеген – Советхан Мейірханұлы. 


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар