Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Қазақстанда «100 жаңа есім» жобасы басталды!...

07.06.2017 4723

Қазақстанда «100 жаңа есім» жобасы басталды!

Қазақстанда «100 жаңа есім» жобасы басталды! - adebiportal.kz

«100 жаңа есім» жобасына өтініштер қабылдау басталды. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі, «100 жаңа есім»жұмыс тобының тең төрағасы Дәурен Абаев хабарлады.

«100 жаңа есім» жобасы – Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің тарихы.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ел дамуына үлес қосқан азаматтардың өздері мен олардың табысқа жету тарихына мән беріп, оларға ақпараттық қолдау жасап, танымал етудің жаңа мультимедиялық алаңын қалыптастыруға шақырды.

Жобаның басты мақсаты – Тәуелсіздік дәуірінде еліміздің көркеюіне үлес қосқан, ұлтымыздың алтын қорына енуге лайықты жерлестерімізді көпшілікке таныту.

«100 жаңа есім» жобасын жүзеге асыру бірнеше кезеңдерден тұрады.

Бірінші – өтініштер қабылданады. Ол краудсорсинг негізінде жүзеге асады. Жобаға кез-келген үміткер қатыса алады.

Егер десара жолы мен жетістіктері сізге үлгі болған, сізді шабыттандырған тұлғалар болса, немесе өзіңіз де сондай жандардың қатарынан болсаңыз қоғамға танытуға үлкен мүмкіндігіңіз бар.

Басты критерий – Тәуелсіз Қазақстанның көркеюіне қосқан үлесті көрсету.

Ол үшін http://100esim.el.kz/kz сайтына кіріп, өтініштің формасын толтыру керек.

Жоба сайтына келіп түскен барлық жарияланымдар оқырмандарға қол жетімді болады және әрбір қолданушы кейіпкерлер туралы материалдардан алған әсерін әлеуметтік желілерге жазып, көпшілікпен бөлісе алады.

Әрі қарай – жұмыс тобы мен сарапшы комияссия келіп түскен жұмыстарды қоғамдық пікірге сүйене отырып, іріктейді. «100 жаңа есім» жобасына лайық кейіпкерлер таңдалады.

Анықтама: Жобаны ұйымдастырушы «Қазконтент» АҚ. 100esim.el.kz. сайты El.kz интернет-жобасының базасында әзірленді.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар