Биыл жас қаламгерлерге мемлекеттік қолдау көрсету, дарынды ақын-жазушылардың жаңа буынын қалыптастыру мақсатында тұңғыш рет Президенттік әдеби сыйлық тағайындалды. Әдеби сыйлыққа 18-35 жас аралығындағы қаламгерлер бұрын халықаралық және ұлттық байқауларға қатыспаған туындыларымен үміткер бола алады.
Өтінім «Проза», «Поэзия», «Драматургия» және «Балалар әдебиеті» номинациялары бойынша қабылданады. Жас қаламгерлер 2023 жылдың 1 маусымынан бастап 30 маусымына дейін уәкілетті органға қағаз және электрондық түрде келесі құжаттарды жіберуі тиіс:
- Президенттік сыйлық алуға өтінім;
- үміткердің жеке куәлігінің көшірмесі;
- Қазақстан Жазушылар одағынан мінездеме;
- Президенттік сыйлыққа үміткер жариялаған не үміткер туралы мақалалардың, жарияланымдардың көшірмесі (бар болса);
- екінші деңгейдегі банкте банк шотының бар екенін растайтын анықтаманың көшірмесі;
- үміткердің жетістіктерін айғақтайтын өзге де материалдар (бар болса).
Президенттік сыйлық әр номинация бойынша бір үміткерге ғана тағайындалады. Сыйлықты қайта тағайындауға жол берілмейді. Үміткер бір номинацияға ғана өтінім ұсына алады.
Президенттік сыйлыққа ие болған тұлғаларға «Қазақстандық жас жазушылар мен ақындар үшін Президенттік арнаулы әдеби сыйлықтың лауреаты» атағы беріледі, диплом, төсбелгі және ақшалай сыйақы (әр номинацияға 4,1 млн теңге) тапсырылады.
Толығырақ ақпарат ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайтында орналасқан.
Байланыс телефондары: +7 (7172) 74 04 08 +7 (7172) 74 03 84
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)
Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.