Қазіргі әдебиет оқырман сұрауын қанағаттандырып отыр ма?
«Әдебиет порталы» жаңадан «Әдеби дискурс» YouTube жобасын ұсынады. Подкаст алаңында қазіргі қазақ әдебиетінің бағыт-бағдары, поэзия мен прозадағы көркемдік ізденістер, әдеби сынның жай-күйі, цифрлық дәуірдің әдебиетке ықпалы сияқты өзекті тақырыптар талқыланды. Әдебиеттанушы ғалымдар мен қаламгерлердің пайымды пікірлерін тыңдап, Сіз де ой қосыңыз. «Әдеби дискурс» подкасының бірінші шығарылымы қонақтары - әдебиеттанушы ғалым Саржан Такиров пен ақын, аудармашы Мақпал Мыса.
