Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
"Қазіргі қазақ әдебиеті: аударма мәселелері" дөңге...

04.04.2014 3319

"Қазіргі қазақ әдебиеті: аударма мәселелері" дөңгелек үстелі

Бүгін, яғни сәуір айының 4 жұлдызында, сағат кешкі 19.00-де «Қазконтент» АҚ «Әдебиет порталы» интернет-жобасының ұйымдастыруымен «Қазіргі қазақ әдебиеті: аударма мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді. Аталған шараға астаналық ақын-жазушылар мен жас ғалымдар қатысады. Дөңгелек үстелдің басты мақсаты қазақ, орыс тілдерінде жазып жүрген қазақ әдебиеті өкілдерінің арасында шығармашылық байланыс орнату һәм қазіргі заман әдебиетінің меселелерін айқындау. Дөңгелек үстелге Серікзат Дүйсенғазин, Асылзат Арыстанбек, Ербол Бейілхан, Ақберен Елгезек, Қанат Омар, Ануар Омар, Ерлан Жүніс, Шолпан Нуртазина, Олжас Сәндібек, Құралай Омар, Динара Мәлікова, Алия Демейсенова, Ықылас Ожайұлы, Ұларбек Дәлейұлы,Эльмира Туканаева қатысады. 


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар