2016 жылы 9 желтоқсанда ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитеті және “Қазқонтент” АҚ ұйымдастыруымен “Ramada Plaza” қонақ үйінің “Пуччини” және “Washington”мәжіліс залында жыл сайынғы БАҚ өкілдеріне арналған “Мультимедиялық және конвергентті журналистика парадигмасы: технологиядан креативті кемелдікке” атты республикалық конференциясы ұйымдастырылды.
Конференция барысында, Баспа БАҚ-тың конвергентті форматқа көшірудегі өзекті мәселелері талқыланды. Қатысушылар, медиа-тренерлер Тимур Бектұр мен Екатерина Шукалованың практикалық мастер-класынан өтті.
Конференция өткізудің мақсаты- Баспа БАҚ өкілдерінің сауаттылығын арттыру және онлайн-форматқа көшуде медиа құралдарды қолдану аясында жаңа мүмкіндіктерді көрсету.
Медитренерлердің бірі – арнайы Мәскеуден шақырылған “ФЕРТ” интернет-агенттігінің директоры, бизнес-кеңесші Екатерина Шукалова журналистикада жаңа тенденциялар туралы айтып қана қоймай, сонымен бірге, өз жұмысында олардың әлеуметтік желілерде қалай қолдану қажеттілігі жайында да сөз қозғады.
Ескере кетерлік бір жәйт, бұл іс-шара 2013 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді. Яғни, өңірлік БАҚ редакторларымен тәжірибе алмасу мен үйретуге арналған ақпараттарды ұсынатын алаң болып есептеледі.
Конференцияға БАҚ және қоғамдық өкілдер, блогерлер, эксперттер мен студенттер қауымы қатысты.
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)
Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.