Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Қос батыр туралы құнды еңбек...

05.09.2014 11214

Қос батыр туралы құнды еңбек

Қос батыр туралы құнды еңбек - adebiportal.kz


Батырлар-222.jpgҚызылжардың құйқалы топырағынан елім деп еңіреп шыққан ерлер көп болған. Солардың бір шоғыры ойрат, жоңғар, қалмақ шапқыншылықтары кезінде жауға қарсы атойлап шауып, бабаларымыз аманаттап кеткен қасиетті атамекен үшін қасық қандары қалғанша айқасқан. Әрі батыр, әрі қолбасшы Қожаберген жыраудың сол кезеңде өмір сүрген үзеңгілес інілері Сүйір мен Сары батырлардың ерлік жорықтарын Үмбетей секілді күміс көмей жыраулар жалпақ жұртқа жария еткенімен, тасқа түспегендіктен, дұшпанына қырандай шүйліккен қаҺармандық тұлғасына қатысты өмірдеректер бертінге дейін беймәлім болып келген еді. Енді, міне, осы олқылықтың орны толтырылды. Жуырда Алматыдағы «Асыл кітап» баспасынан «Жауынан бір қайтпаған Сары, Сүйір» деген атпен түрлі-түсті суреттермен безендірілген құнды еңбек оқырмандар қолына тиді. Кітапты құрастырған Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Жарасбай Сүлейменов «Алаштың айбыны» алғысөзінде қос баҺадүрдің қазақ халқының Отан соғысы тарихында алатын орны жайлы нақты мысалдар келтірген. Қосыл Омаров, Зейнолла Олжабаев, Уәлихан Қуанышев, Жамбыл Тасеменов секілді Баян, Сары, Сүйір батырлардың ұрпақтары жұртшылық жадында сақталған шежірелер мен ауызекі әңгімелерге сүйене отырып, құнды мәліметтер келтірген. Ғалым Есмұханбет Смайылов тың деректер арқылы байрақты батырлардың өмірдеректерін толықтыра түскен. Мәселен, олардың зерделеуінше, «Сүйір батыр өте қарулы, қайратты, түсі ызғарлы, қалың қабақты» адам ретінде сипатталады. Жинақтың екінші бөлімі Мағжанның «Батыр Баян» дастанымен ашылған. Жергілікті ақындардың толғау-поэмалары да қызғылықты оқылады.
Бұрынырақта туған жерлері – Тимирязев ауданына қарасты Докучаево ауылынан обалары табылып, ескерткіш белгі қойылған еді. Енді артта қалған ұрпақтары батырлығымен, ержүректігімен, шешендігімен даңқы шық­қан бабаларына арнап үлкен кесене тұрғызып, ас бергенін, мүшәйра, ұлттық, спорттық ойындар өткізгенін айта кеткен жөн.
Бір сөзбен айтқанда, кітапсүйер қауым жинақтан Алаш атын асқақтақтан қос тарлан жайлы жан-жақты мағлұмат алары сөзсіз.

adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар