Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Құс жолында жыр қалықтаған кеш...

07.11.2016 3644

Құс жолында жыр қалықтаған кеш

Құс жолында жыр қалықтаған кеш - adebiportal.kz


Алматыда ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында ақын, жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Әділбек Ыбырайымұлының "Құс жолындағы жыр" атты шығармашылық кеші өтті. Оған танымал ақын-жазушылармен қоса, өлең сүйер қауым көптеп жиналды. "Құс жолындағы жыр" деп аталған әдеби-сазды кеште автордың әсерлі жырлары оқылды. Әрі әуезді әндері шырқалып, жиналған жұртты бір сергітіп тастады.


14907056_272948083103003_628052056130777352_n.jpg


Сондай-ақ, кеш барысында Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары Ғалым Жайлыбай ақынды құттықтап, одақтың атынан Абай Құнанбаевтың мүсінін сыйға тартты.


14639709_273022739762204_1973520022090194744_n.jpg


14915243_273022806428864_5368499488006888873_n.jpg

"Құс жолындағы жыр" кешiндегі кітап көрмесі


Сахнада сөз алған кеш иесі ақын Әділбек Ыбырайымұлы Тәуелсіздік және Астанаға арнаған жаңа жырларын әдебиет сүйер оқырманға оқып берді.


"Құс жолы деген бізде үлкен ұғым. Ол жерде жұлдыздар шоғыры орналасқан. Сол жұлдыздар шоғырларының ішінде әдебиетшілердің де қатары мол. Сол қатардан біз көрінбесек те, соған жетеқабыл болып, жұлдыздар легіне қосылып, құс жолында, солармен бірге мәдениетімізді қоса ұлықтап жүрейік деген ниетпен қойылған тақырып", - дейді кеш иесі "Құс жолындағы жыр" деген тақырыпты таңдау себебін түсіндіре келіп.



Ақын, жазушы Әділбек Ыбырайымұлының "Құс жолындағы жыр" 
кешiнде орындалған жаңа әнi "Ғашықтар әңгімесі"

"Бүгінгі кешке ұстаздарым, жыр сүйер жастар жиналды. Осының барлығы тәуелсіздіктің арқасы деп ойлаймын. Біз тәуелсіздік алған бақытты елміз. Сондықтан, жыр кешімді тәуелсіздік деген өлеңмен ашқым келіп отыр", - деген ақын өз өлеңін оқып берді.


Кеште Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі, Астанадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының әртістері мен Астана жастар театрының әншілері өнер көрсетті. Ақынның жырлары оқылып, танымал қаламгерлер жылы лебіздерін білдірді.


14937183_272948009769677_9152271632831733737_n.jpg


14915440_272948123102999_3987093112389400667_n.jpg


Айта кетейік, Әділбек Ыбырайымұлының "Зау-қайыр" роман-триллері, "Мизамкөк", "Адам-хайуан", "Ұяластар" атты романдары және "Пір мен пырақ", "Мерейлі мекен", "Ақ тамақ қарлығаштар", "Сүмбіле шуағы" сынды жыр жинақтары қалың оқырманға кеңінен танымал.


Фотолар мен видео Гүлбақыт Қасеннің ФБ парақшасынан алынды

Adebiportal.kz



Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар