Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры 24-25 қазан күндері сағат 18.00-де «ҚЫЗ ЖІБЕК» драмалық операсының ПРЕМЬЕРАСЫН ұсынады.
Авторы – Жүсіпбек қожа Шайхисламұлы, Ғабит Мүсірепов. Сахналық нұсқаның авторлары - Мирас Әбіл, Ләззат Алпысбаева. Композитор - Евгений Брусиловский. Қоюшы режиссері - Әлібек Өмірбекұлы. Дирижер - «Мәдениет саласының үздігі» Ерлан Бейсембаев. Хормейстер - Ержан Сансызбаев. Қоюшы суретші – Әлібек Өмірбекұлы, Шынар Елембаева. Костюм бойынша суретші – Шынар Елембаева.
Қазақстанда опера жанры XX ғасырдың 30 жылдары туды. 1934 жылы казақтың тұңғыш операсы «Қыз Жібек» драмалық опера түрінде сахналанды. Ғасырға жуық уақыттан кейін ұлтымыздың інжу-маржаны «Қыз Жібек» операсын көрермен назарына драмалық опера жанрында қайта ұсынбақпыз. Жаңаны тудырғың келсе, өткенге қайта орал. Бәрі басталған нүктеге...
Үш актілі спектакльдің ұзақтығы – 4,5 сағат. Премьераға 50 актер, 36 оркестр мүшесі, техникалық және шығармашылық құрамды қосқанда 120-н астам адам жұмылдырылған. Премьераға дайындық жұмыстары наурыз айында басталды.
Тудырғың келсе жаңаны...
Өткенге бір сәт қарағын.
Жол сал бастауға...
Көз сал «бастауға»
Аттанып бара жатыр аққу-қаздар,
Қош енді, қош болындар, гәкку-наздар!
Кеудемде күніренген дастан қалды,
Киелі қанатымен аққу жазған.
Аққулар, кешіріндер, жазықтымын!
Қараймын керуеніне қажып бүгін.
Адасып кетті-ау бірге сендерменен,
Алапат күшім менен нәзіктігім!
Сыңқылдап соғылғанда қанаттарың,Таба алмай қалды менін тағат жаным.
Үзілген жолдарыңа, қарақтарым,
Үзілген жанарымды сабақтадым.
Ақ көлдің айдын төсін шимайлаған,Сұлулар, жатыр сені қимай далам.
Аққу боп неге ғана жаралмадым,
Адам боп өзіме-өзім сыймай барам.
Мұқағали Мақатаев.
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)
Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.