«Қазконтент» АҚ «Әдебиет порталы» интернет жобасында онлайн түрде Ақмола облысының білім басқармасы жанындағы «Көкшетау қаласы, (қазақ тілінде оқытылатын) Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледжінің ұйымдастыруымен «Қазақ хандығы - 550: Мәңгілік ел - тағдырым» атты жазба ақындардың республикалық онлайн-мүшәйрасы ұйымдастырылған хабарлаған болатынбыз.
Бүгін Көкшетау қаласында республикалық жыр додасының марапаттау рәсімі өтті. Маусым мен тамыз айлары аралығын қамтыған жыр додасына 15-35 жас аралығындағы еліміздің аймақтарынан барлығы 40 жас ақын қатысуға өтініш білдіріп, тақырыпқа сай жазған жүрекжарды жырларын жолдаған болатын. Жеңімпаздар мен үздік өлеңдерді анықтау кезінде арнайы құрылған белгілі ақындар Төлеген Қажыбай, Бауыржан Қарағызұлы сынды қазылар алқасының талқылауы мен бағалауы ескерілді.
Мүшәйра жеңімпаздары тәуелсіздікпен тұғырлас Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледжінің Көкшетау қаласында өтетін 25 жылдық мерейтойына арналған салтанатта марапатталды. Сонымен назарларыңызға жүлделі орынға ие болған ақындарды ұсынамыз.
Бас жүлде Олжас Қасым (Астана қаласы)
Жүлделі І орын Біржан Ахмер (Семей қаласы)
Жүлделі ІІ орын иегерлері:
Нұржан Байтөс (Семей қаласы)
Ұмтыл Зарыққан (Астана қаласы)
Жүлделі ІІІ орын иегерлері:
Мақсат Дауылбай (Қызылорда қаласы)
Қазақ қалды қайтадан қайғы арқалап
Қызырбек Дүргінбайұлы (Өскемен қаласы)
Ат жалында аңыз боп аунап өткен
Айдана Сегізбаева (Астана қаласы)
Жеңімпаздар қаржылай сыйлықтармен, дипломдармен марапатталды. Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған жыр додасы алдағы уақытта өз жалғасын табады. Жеңімпаз ақындарға шығармашылық табыстар мен биік белестер тілейміз.
Салтанат Қожа
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)
Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.